Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (12) Өлеңдер (74) Мақал-мәтелдер (27) Ұлағатты сөздер (27) Әзіл, анекдоттар (1)

Өгiздi өрге салма — қанатың талар,
Наданға көзiңдi салма — сағың сынар.
Досыңа өтiрiк айтпа — сенiмiң кетер.
Дұшпанға сырыңды айтпа — түбiңе жетер.

Ілмектер: надан, дос, өтірік, сенім, дұшпан, сыр, нақыл, қанатты сөздер Төле би Әлібекұлы

Сын ерді шыңдайды,
Қорқақты қинайды.

Ілмектер: сыр, ер, қорқақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Нәтижелі еңбектің сыры — ең жақсы нәрсеге ұмтылу емес, жағдайға қарай әрекет етіп, шамаң жететін іспен айналысу.

Ілмектер: нәтиже, еңбек, сыр, ұмтылыс, әрекет, іс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Әдемі де сүйікті айтылымдар қайдан шығады? Оларды талантты, яғни, зергер адам жасайды. Ал бұлардың мәні — сырының қандайлығын айқындап беру — біздің ғалымдарымыздың міндеті.

Ілмектер: сөз, талант, зергер, сыр, міндет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Аристотель

Өмір сыры көп қой, терең ғой, білген сайын көбейе, тереңдей түседі.

Ілмектер: Өмір, сыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Саз — сөз шарғасы жетпейтін, менің тереңнен сыр тартып айтпағымды жеткізер ойым.

Ілмектер: саз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сыр, ой Рихард Штраус

Ежелден ескеруші ем елдің сөзін,
Бұлақтың тазалауға тінтіп көзін.
Бар ма деп ашпаған сыр, айтпаған жыр,
Құлақты қырға түріп жүрген кезім.

Ілмектер: ел, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сыр, жыр, құлақ Ілияс Жансүгіров