Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (34) Ұлағатты сөздер (17)

Жек көру — қорқақ адамның орындай алмаған кегі.

Ілмектер: жек көру, қорқақ, кек, адам Бернард Шоу

Еш нарсеге сенбейтін адам барлық нәрседен қорқады.

Ілмектер: адам, сену, қорқу, қорқақ Бернард Шоу

Қорқақтық, ездік, аяншақтық, көнбістік — құлдықтың ең жаман түрі.

Ілмектер: құлдық, қорқақтық, ездік, қорқақ Ғабит Мүсірепов

Нағыз ержүрек адамдарға дуэльге шығудың қажеті жоқ, бірақ мұны көптеген қорқақ мінезділер өз ержүректілігіне сендіру үшін жасайды.

Ілмектер: ержүрек, дуэль, мінез, қорқақ Эрнест Хемингуэй

Қорқақтықтың белгiсi,
Арықты да жар дейдi.
Кертартпаның белгiсi,
Кең дүниенi тар дейдi.

Ілмектер: қорқақ, арық, кертартпа, дүние, тар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дулат Бабатайұлы

Момыннан жаман қорқақ жоқ,
Қу, пысық деген ат қайда?
Айлакер болмай атақ жоқ,
Алдамшы болмай бақ қайда?

Ілмектер: момын, қорқақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Қу, пысық, Айлакер, бақ Абай Құнанбайұлы

Батырға Сырдың суы сирағынан келмейді, қорқаққа батпақ та кедергі, шалшық та бөгет.

Ілмектер: батыр, қорқақ, батпақ, бөгет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Қорқақ — дөрекі әрі ақымақ.

Ілмектер: Қорқақ, дөрекі, ақымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Сын ерді шыңдайды,
Қорқақты қинайды.

Ілмектер: сыр, ер, қорқақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Есерсоқ батырдан есті қорқақ артық.

Ілмектер: батыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қорқақ, есерсоқ Ғабиден Мұстафин

Көзсіз батыр да, шектен шыққан қорқақ та жоқ.

Ілмектер: батыр, қорқақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Қорқақтық болмаса, ерлік те болмаған болар еді.

Ілмектер: қорқақ, нақыл, ерлік, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Абсолютті батыр да, абсолютті қорқақ та жоқ.

Ілмектер: батыр, қорқақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ақылды қорқақ алдырмас.

Ілмектер: ақыл, қорқақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Шын қорқақ ажалын табар,
Сұм қорқақ амалын табар.

Ілмектер: ажал, қорқақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Қайратсыз, қорқақ кісі — мақтаншақ келеді.

Ілмектер: қайрат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мақтаншақ, қорқақ Абай Құнанбайұлы