Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (12) Өлеңдер (144) Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (102) Әзіл, анекдоттар (1)

Соншалықты мақтаныш сезіміне бөлейтін ғылым, жиі қойылып жүрген сұрақтарға берілер жауаптармен қоса алғанның өзінде, ең соңында бізді ештеңеден хабарсыз қалдырады.

Ілмектер: мақтаныш, сезім, ғылым Жорж Батай

Шынымен адамның қауқарсыздығы ақылдан алжастыруы мүмкін екенін жер бетінде ең бірінші болып сезініп тұр ма екенмін?!

Ілмектер: адам, қауқарсыздық, сезім Жорж Батай

Сезім əлемі бізді өзінің сан алуан жауһарларының салмағының астында тұншықтырып барады.

Ілмектер: сезім Пьер Тейяр де Шарден

Əрқайсымыздың санамызда да эволюция өзін-өзі сезіну арқылы жаңғырады.

Ілмектер: сана, эволюция, сезім Пьер Тейяр де Шарден

Материя бізді жербауырлатып, қимылдатпай тастайды, өлсіз һəм күнəлі қылып қояды. Бірақ сонымен бірге материя дегеніміз
— бұл бар болу қуанышы, сезіну бақыты, жеңіске жеткізер күш, өсу-өркендеу ғанибеті!

Ілмектер: материя, қуаныш, сезім Пьер Тейяр де Шарден

Өзін зат біткеннің ортасында адасып жалғыз қалғандай сезінген адамның өзі туралы мазасыздануға əбден қақы бар.

Ілмектер: адам, сезім, жалғыздық Пьер Тейяр де Шарден

Ақша менің ойнау дәрежемді өзгертпейді. Мен өзімді әлі, мамасынан доп сұрап алып, аулада сол допты қуалап жүрген баладай сезінемін. Бұл сезімді жоғалтқан уақытымда футболмен қош айтысамын.

Ілмектер: ақша, сезім, өзгеру, адам, жағдай, Лионель Месси, футбол, футболшы, дәреже Лионель Месси

Жыныстық сезімді қоздырар қосарлы мағынасы жоқ ештеңе таба алмайсыз.

Ілмектер: сезім, мағына Жиль Делез

Сезімдік сана селт етпейді.

Ілмектер: сезім, сана Жиль Делез

Ницше бізді денсаулық пен дертті алғашқысын — екіншісінің өмірлік перспективасындай, ал екіншісін — біріншісінің өмірлік перспективасындай сезінуге шақырады.

Ілмектер: денсаулық, сезім, дерт Жиль Делез

Сезімнің бар тірлігі нанымнан тұрады.

Ілмектер: сезім, наным Эмиль Дюркгейм

Біз өзімізге ұқсас адамдарды — өзіміз сияқты ойлап, сезіне алатын адамдарды ұнатамыз. Бірақ бұған қарама-қарсы құбылыстар да аз кездеспейді.

Ілмектер: адам, ұқсастық, сезім, ұнату, қарама-қайшылық, құбылыс Эмиль Дюркгейм

Қанша көп түрлі дарынымыз болса да — бізге əлдебірдеңе жетіспейді де жүреді жəне ішіміздегі ең тəуірлеріміз де өздерінің толық жетілген тұлға емес екендіктерін іштей сезеді.

Ілмектер: дарын, тұлға, сезім Эмиль Дюркгейм

Мақсатын сезінбеген істің мəні де шамалы.

Ілмектер: мақсат, сезім, іс, мән Альфред Адлер

Көп адам басқаның көзімен көру, басқаның құлағымен есту, басқаның жүрегімен сезіну дегеннің не екенін де білмейді: оған үйренбеген.

Ілмектер: адам, көз, құлақ, есту, жүрек, сезім Альфред Адлер

Үлкен бояу! Құдіретті атану! — Кішкене немесе өзін кішкене сезінетін адам біткеннің мəңгілік құштарлығы осы ғана.

Ілмектер: құдірет, сезім, құштарлық, мәңгілік Альфред Адлер

Өте жолы болмаушылық — өзінің маңыздылығын сезінудің бұл да бір жолы.

Ілмектер: жолы болмаушылық, маңыздылық, сезім Альфред Адлер

Адам болу — өз кемшілігін өзі сезіну деген сөз.

Ілмектер: кемшілік, сезім Альфред Адлер

Балалар өздерін өмірлік мəні аса зор бірдеңелерден қағылғандай сезінген кезде ғана ұрлық жасай бастайды.

Ілмектер: бала, сезім, ұрлық Альфред Адлер

Шешен ойынан жаңылып, сөзін жалғай алмай қиналған кезде бүкіл аудитория өзін ыңғайсыз сезініп, қысылып отырады.

Ілмектер: шешен, аудитория, сезім, ыңғайсыз сезіну Альфред Адлер