Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (18) Өлеңдер (36) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (26) Ұлағатты сөздер (96)

Әр адамның мінезі басқалардың бақытына әсер етеді, демек ол пайда немесе зиянын тигізетін сипатқа ие.

Ілмектер: мінез, бақыт Адам Смит

Ұлы мақсаттарды жүзеге асыру арқылы адам өзін өзгелерге шамшырақ ететін керемет мінезді тауып алады.

Ілмектер: Мақсат қою, мақсат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мінез Георг Гегель

Үлкен мақсаттарды орындау жолында адам өзінің бойында басқаларға шамшырақ болатындай мінез барын сезінеді.

Ілмектер: мақсат, адам, мінез, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Георг Гегель

Мінезсіздік — ойлаудың айқын еместігі.

Ілмектер: мінез, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ой, ойлау Бауыржан Момышұлы

Қаталдық азаматтық мінез-құлық нормасы шегінен асып кетпеуі қажет.

Ілмектер: қаталдық, мінез, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Тәрбие адам бойында жақсы мінез-құлық қалыптастырады.

Ілмектер: тәрбие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мінез, мінез-құлық Бауыржан Момышұлы

Егер өзiңе зардап келтiретiн болса, өзiңдi-өзiң талқыға салу қауiптi, егер жiгердi жасытатын болса, қиялшылдық зиян, егер күшiңдi кемiтетiн болса, мамандық жаман, мiнездi құртатын ойға бату ауыр салдар қалдырмақ.

Ілмектер: ой, мінез, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жігер, зиян, мамандық Анри-Фредерик Амьель

Күшті шарап көп ішуге жарамайды,
Дөрекі мінез келелі кеңеске жарамайды. 

Ілмектер: шарап, мінез, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пифагор

Тегің - атаңнан;
Тілің — анаңнан;
Білім — еліңнен;
Мінез — жеріңнен;
Махаббат — сезімнен,
Бақыт — төзімнен,
Сұлулық — көзіңнен;
Кісілік — өзіңнен.

Ілмектер: тектілік, тіл, білім, мінез, махаббат, бақыт, сезім, сұлулық, төзім, кісілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Кеңес кезінде қасарыспалық пен өрескел мінез таныту надандықтың айқын белгісі.

Ілмектер: кеңес, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, наан, мінез Мишель де Монтень

Өзіңмен күресу, өзіңнен бас тарту, өзіңе қарсы болу — түк пайдасы жоқ мінез бұзылыстары.

Ілмектер: күрес, бас тарту, қарсылас, пайдасыз, мінез, бұзылу, туралы Нарша Булгакбаев

Тəкаппарлық тəрізді көрінетін де ізетті мінез болады.

Ілмектер: Тəкаппарлық, ізет, мінез Роберт Вальзер

Ажалдың мұңға орар мінезіннен адамның мұңға деген қажеттілігі сезіледі.

Ілмектер: ажал, мінез, мұң, қажеттілік Жорж Батай

Ашумен қылған іс - іс болып жаратпайды. Бойды ашуға билетпе.

Ілмектер: ашу, іс, мінез-құлық, мінез Шәкәрім Құдайбердіұлы

Әр адамның мінезі – астындағы тұлпары. Соның ағынымен адамдар өмірден зымырап өтіп жатады.

Ілмектер: мінез, тұлпар, адам, өмір Бауыржан Момышұлы