Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (9) Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (6)

Нағыз тұлпар дауысын қоңыраудай сыңғырлатып, үзілдіріп, әсерлі қайырып кісінейді.

Ілмектер: тұлпар Әйтеке би

Мәстектен тұлпар артық шаппаса да,
Тексізден текті тумас мақтаса да.

Ілмектер: тұлпар, тектілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Сауысқан шықылықтап сұңқар болмас, мәстекті мақтағанмен тұлпар болмас.

Ілмектер: мақтау, сұңқар, тұлпар, нақыл, афоризм Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Шын тұлпар дүбір шықса, шыдамайды,
Tap қылып төрт аяғын, байласа да.
Жатпайды болат пышақ қап түбінде,
Өтпейді жасық темір қайраса да.

Ілмектер: тұлпар, болат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Сұңқарды сұңқар деу керек.
Тұлпарды тұлпар деу керек.

Ілмектер: сұңқар, тұлпар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фариза Оңғарсынова

Әр адамның мінезі – астындағы тұлпары. Соның ағынымен адамдар өмірден зымырап өтіп жатады.

Ілмектер: мінез, тұлпар, адам, өмір Бауыржан Момышұлы