Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (12) Ұлағатты сөздер (28)

Өмір қағидаларын меңгергеннен кейін сіздің өміріңіз бақытқа, махаббатқа, еркіндікке, сенімділікке және ақшаға толы болады. Бұл жалған сөздер емес. Өйткені өзіңіздің шексіз əлеуетіңізді білдіруден жəне бай шығармашылық қабілеттеріңізді дамытудан, іштегіні сыртқа шығарып босатудан басқа адамды жігерлендіретін жəне шабыттандыратын ештеңе жоқ, себебі бұл өмірдің қағидаты.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, қағидалар, бақыт, махаббат, еркіндік, ақша, сенімділік, шексіздік, байлық, шығармашылық, қабілет, ынта, шабыт, сөз, жалған Нарша Булгакбаев

Малыңды жоғалттың — біраз жоғалттың,
Арыңды жоғалттың — көп жоғалттың,
Еркіңді жоғалттың — бәрін жоғалттың.

Ілмектер: мал, ар, еркіндік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иоганн Вольфганг фон Гёте

Әрбір әрекетті басқаратын эмоциялар, біз оларға еркіндік берсек, біз оларды емес, олар бізді басқаратын болады.

Ілмектер: әрекет, эмоция, еркіндік, туралы Нарша Булгакбаев

Адам — заттан, зат — адамнан еркін бола алмайды.

Ілмектер: адам, зат, еркіндік Жан Бодрийяр

Жеке адамды бүкіл қоғамға қарсы қоятын өзіңмен-өзің болу еркіндігі — өте қатерлі еркіндік.

Ілмектер: қоғам, еркіндік, қатер Жан Бодрийяр

Кіріптарлықтың астарында көп еркіндік жатуы мүмкін, тəуелсіздік дегеніміз — шын мəніндегі құлдық болып шығуы да мүмкін.

Ілмектер: Кіріптарлық, құлдық, еркіндік, тәуелсіздік Роберт Вальзер

Зорлаушы мен зорланушы, қанаушы мен қаналушы — белгілі бір дəрежеде бірін-бірі толықтырушылар. Еркіндік үшін, оның өрісі кеңейе түсуі үшін оның өкілдері жəне сол сияқты тағы бірдеңелер өте қажет.

Ілмектер: зорлық, қанау, еркіндік, өріс Роберт Вальзер

Маңайымыздағы өмірдің бəрі басқа өмірден жаралады, кез келген еркіндік те – басқа еркіндіктен тұрады.

Ілмектер: өмір, еркіндік Пьер Тейяр де Шарден