Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (12)

Бірлік түбі – зорлық.

Ілмектер: бірлік, зорлық, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Жаңғызға зорлық қылмаңыз, жағасынан алмаңыз.
Қара бура арыса — майы қалың бесті артық,
Баласы жоқ қатыннан — лақтаған ешкі артық.

Ілмектер: бала, зорлық, ешкі, лақ, май, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Жек көрудi — махаббатпен, жалғандықты — шындықпен, зорлықты — шыдамдылықпен жеңу керек.

Ілмектер: Жек көру, махаббат, жалғандық, шындық, зорлық, шыдамдылық, жеңу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Махатма Ганди

Қанағатсыз билердi қабан деген,
Қамшылатқан жүйрiктi шабан деген.
Бiреудiң ақысына зорлық қылған,
Қиянат қияметте жаман деген.

Ілмектер: зорлық, ақы, афоризм, қанатты сөздер, нақыл, қиянат, қиямет, жаман, қанағатсыздық Ормамбет би

Басқарудың төрт жексұрын тәсiлi:
Тәрбиесiз өлтiру — қаталдық;
Ескерту жасамастан жұмыстан нәтиже талап ету — зорлық;
Бұйрықты орындау мерзiмiне дейiн кешiктiру — қарақшылық;
Еңбекке ақы төлеуде сараңдық жасау — ұсақтық.

Ілмектер: қаталдық, зорлық, қарақшылық, ұсақтық, Басқару, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Зорлық шын мәнiнде iшкi әлсiздiк сезiмнiң белгiсi.

Ілмектер: зорлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әлсіздік, сезім, белгі Махатма Ганди

Зорлық, қиянат, қанішерлік жоғалып, бір заманда адам баласы бірін-бірі маңдайға шертпейтін, жер жүзіне ұжымақ орнайтын шақ бола ма, жоқ па?..

Ілмектер: Зорлық, қиянат, қанішерлік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіпбек Аймауытов

Билiк басындағы адамдар жұрт өзiнiң әрекетiнде тек зорлықты басшылыққа алады деп ойлайды, сондықтан қазiргi тәртiптi сақтау үшiн зорлықты батыл қолданады. Қазiргi тәртiптi зорлықпен ұстап тұра алмайсың, оны зорлықпен бұзылатын қоғамдық пiкiр сақтайды.

Ілмектер: билік, зорлық, жұрт, адам, тәртіп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой

Ұрлық, қарлық, зұлымдық, зорлық, қиянат сияқты қылмыстар өше берудің орнына өсе берсе, сол қылмыстардың бәрі де басқарушылардың өз бастарында болғаны!

Ілмектер: Ұрлық, қарлық, зұлымдық, зорлық, қиянат, қылмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, басқарушы Ғабит Мүсірепов

Хан-сұлтандар уәде береді, алдайды, ұрлық қылады, зорлық қылады, оны қара қазаққа жабады...

Ілмектер: уәде, ұрлық, зорлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Зорлаушы мен зорланушы, қанаушы мен қаналушы — белгілі бір дəрежеде бірін-бірі толықтырушылар. Еркіндік үшін, оның өрісі кеңейе түсуі үшін оның өкілдері жəне сол сияқты тағы бірдеңелер өте қажет.

Ілмектер: зорлық, қанау, еркіндік, өріс Роберт Вальзер

Зорлыққа бой үйренген жерлерде — оған төзіммен қарайды.

Ілмектер: зорлық, төзім Эмиль Дюркгейм