Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (6) Мақал-мәтелдер (21) Ұлағатты сөздер (36)

Өмірге даналыққа тамыр жіберген дара дарынды адам келгенін қалай білуге болады? Түк те қиындығы жоқ. Кілең орташа қабілет иелері мен жүн бастар сол адамға қарсы ұйымдасқан түрде күрес аша бастайды.

Ілмектер: дана, дарын, дара, адам, қабілет, күрес, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джонатан Свифт

Дананы — ойынан;
Батырды — сойынан;
Ізгіні — ісінен;
Жақсыны — түсінен;
Көлгірді — көзінен;
Суайтты — сөзінен.

Ілмектер: дана, ой, батыр, ізгі, іс, жақсы, көз, суайт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Дана болу жеткіліксіз, оны пайдалана білу қажет.

Ілмектер: Дана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Цицерон

Адам ішкі жан дүниесіне қараса дана болады.

Ілмектер: адам, дана, дана, дүние Джеки Чан

Әуелі дана болуға тырыс, ал ғалым болу — қолың босаған кезінде.

Ілмектер: дана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ғалым Пифагор

Дана да күн секілді, өз сәулесін өзгеден қызғанбайды.

Ілмектер: дана, күн, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қызғаныш Сайын Назарбекұлы

Дана сол, егер: өзге әйелі алдында соқыр бола алса, жат байлығына жету жолында ақсақ бола алса, жақынын жамандап жатқанда саңырау бола алса.

Ілмектер: дана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әйел, саңырау Үнді даналығы

Сараңды ақшамен, тәкәппарды жалынышпен, ақымақты қулықпен, дананы шындықпен жеңесің.

Ілмектер: сараң, ақша, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тәкаппарлық, жалыныш, ақымақ, қулық, дана, шындық Үнді даналығы

Дана өз тағдырын өзі жасайды.

Ілмектер: тағдыр, дана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Тит Макций Плавт

Дана өлгенге де, тіріге де жылау айтпайды.

Ілмектер: дана, тірі, өлі, нақыл, афоризм Үнді даналығы

Көзі жеткен шындыққа ара түспеу — кісілікке мін.
Шырылдап жатқан әлсізге ара түспеу — жігіттікке мін.
Үйретері жоқ болса — үлкендікке мін.
Кешірімі жоқтық — адамшылыққа мін.
Дана сөзін елемей шала сөзін демесе — елдікке мін.
Баласынан жерісе — аналыққа мін.
"Бақа бастысын" сыйламаса — әйелдікке мін.
Шаңырақ көтере алмаса — еркектікке мін.
Жасы жетпей марқайса — ұлға мін.
Жасы жетпей сарғайса — қызға мін.
Жерінен елі жерісе — патша міні.
Жұрты жалаңаш, өзі тоқ — әкім міні.

Ілмектер: мін, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, шындық, әлсіз, кешірім, дана, ана, бала, әкім, патша, ұл, қыз, сыйлау, еркек, әйел Сайын Назарбекұлы

Оригинал бол, өзің бол — бұл бір ақылдысымақтың ахинеясы. Дичьпен басты қатырмай даналық ізде деп айтқан еді ұстазым, өмірде бәрі галиматья деп. Дінді бұзатын ересь деп. Тағы не айтып еді… Ааа… Ақиқатсыз адамның өмірі нонсенс.

Ілмектер: Оригинал, ақыл, ақылды, дана, даналық, ұстаз, дін, ақиқат, адам, туралы Нарша Булгакбаев

Ғаламның бар жұмбағын шешетін жалғыз ғана адам болмайды. Соны шешу жолындағы бірнеше ғасырларға жалғасқан Ғалымдар мен Даналар тізбегі болады.

Ілмектер: Ғалам, жұмбақ, жалғыз, адам, шешім, жол, ғасыр, дана, ғалым, тізбек, туралы Нарша Булгакбаев

Кітап оқу — өзімізге инвестиция салумен бірдей. Бұл білім мен даналыққа салынған инвестиция, ол бізге әрқашан шығармашылық жолдармен оралады, сондықтан бос дүниеге қызықпаңыз, сахнада тауықтың биін көріп қоса билегенше, тамақтарды ысырап етпестен, осының бәріне ақша жұмсамас бұрын, өзіңізге инвестиция салып, кітап оқып көзіңізді ашыңыз!

Ілмектер: Кітап, оқу, білім, ғылым, инвестиция, дана, бос дүние, сахна, ысырап Али Айбекұлы