Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (7) Өлеңдер (16) Жоспарлар (3) Мақал-мәтелдер (74) Ұлағатты сөздер (20) Әзіл, анекдоттар (1)

Әлемді түгел көрсе де,
Алтын үйге кірсе де,
Аспанда жұлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де,
— Қызыққа тоймас адамзат!

Ілмектер: әлем, адамзат, алтын Бұқар жырау

Тіл мен алтын біздің қылыш пен у.

Ілмектер: тіл, алтын, қылыш, у Михаил Лермонтов

Аз сөз алтын, салмағы сезіледі.

Ілмектер: сөз, алтын Уильям Шекспир

Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес.

Ілмектер: ел, мақтаныш, жер, алтын Қаныш Сәтбаев

Алтын айтты – «бәрін сатып алам» - деп,
Болат айтты – «бәрін тартып алам» - деп.

Ілмектер: алтын, болат, сатып алу Александр Пушкин

Бар - бақыр, жоқ - алтын.

Ілмектер: кедейлік, байлық, алтын Қорқыт ата

Қолыңа күміс қонса - алтын өзі келер.

Ілмектер: кедейлік, байлық, алтын, күміс Қорқыт ата

Алтын-күміс жиған адам бай емес - сөз жиған адам бай.

Ілмектер: бай, байлық, сөз, алтын, күміс Жүсіп Баласағұни

Алтын жалатқан қару сияқты, мақтаншақтардың да іші тысына сәйкес келмейді.

Ілмектер: алтын, мақтаншақтық Пифагор

Алтын табылса, түйерге түйіншек табылмас.

Ілмектер: алтын, түйе, қырғыз мақалы

Кітап — ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына.

Ілмектер: кітап, қазына, ақыл, алтын Әлішер Науаи

Жақсы жауабың болмаған кезде, үнсіздік алтынмен тең.

Ілмектер: жауап, үнсіздік, алтын Мұхаммед Әли

Алтыны бар кісі айқайламайды.

Ілмектер: алтын, кісі Саади Ширази

Алтын, күміс секілді тастарға бағалылық беріп тұрған нәрсе - оны өнідру жолындағы еңбек қана.

Ілмектер: алтын, күміс, еңбек Махатма Ганди

Тәңірі алдына барғанда бәрі бірдей,
Патша болып мінсең де алтыннан тақ.

Ілмектер: алтын, патша, құдай Шал Құлекеұлы

Ақымақпен достық құрып, жетіспейсің. Дананың берген уын қабылда, ақымақтың қолынан алтын алма.

Ілмектер: ақымақ, дос, достық, дана, алтын Омар Хайям

Арлы жігіттің киімі нашар болса да, кеудесі алтын болады.

Ілмектер: ар, алтын, нақыл, афоризм Лао-цзы

Алтынды орағанмен жез болмайды,
Жібекті жуғанменен бөз болмайды.
Мысалы әр нәрсенің бәрі сондай,
Жаманның көкейінде көз болмайды.

Ілмектер: жаман, алтын, жібек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Шірімес алтын жерде жатқанымен,
Оқ өтпес ажалсызға атқанымен.

Ілмектер: алтын, оқ, ажал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Найзасының ұшы алтын.

Ілмектер: найза, алтын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Серіктестер

Жүктелуде...