Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (14) Өлеңдер (5) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (192) Ұлағатты сөздер (11)

Ұят жүрген жерде
Абырой төгілмейді.
Абырой бар жерде
Ар шапаны сөгілмейді.

Ілмектер: ұят, абырой, ар, тәрбие, өнеге

Жел дауылды шақырады,
Бұлт жауынды шақырады.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Асық ойнаған азар,
Доп ойнаған тозар,
Бәрінен де қой бағып,
Қозы өсірген озар.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Сыйға — сый,
Сыраға — бал.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Сабыр түбі — сары алтын,
Сарғайған жетер мұратқа,
Сабырсыз қалар ұятқа.

Ілмектер: сабыр, өнеге, тәрбие

Сумен ойнама, батарсың,
Отпен ойнама, жанарсың.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

«Сіз» деген әдеп,
«Біз» деген көмек.

Ілмектер: әдеп, тәрбие, өнеге

Жақсы аға — орман,
Жақсы іні — қорған.

Ілмектер: аға, іні, тәрбие, өнеге

Сыйластық екі жаққа бірдей.

Ілмектер: сый, тәрбие, өнеге