Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (25) Мақал-мәтелдер (20) Ұлағатты сөздер (7)

Жақсы аға - орман, жақсы іні - қорған.

Ілмектер: аға, іні

Алпысқа келгенде,
Алты ағаң болсын.
Жетпіске келгенде
Жеті інің болсын.

Ілмектер: аға, іні, кәрілік, қарттық

Ағаа лдында пейіліңді көрсет,
Іні алдында мейіріңді көрсет.

Ілмектер: аға, іні, туыс, ағайын

Асыл аға, алғыр іні.

Ілмектер: аға, іні, туыс, ағайын

Әкесі бардың ырысы бар,
Інісі бардың тынысы бар.

Ілмектер: әке, іні, ырыс, тыныс

Ағадағы мал — аспандағы мал,
Інідегі мал — ін түбіндегі мал,
Баладағы мал — даладағы мал.

Ілмектер: аға, іні, бала, дала, мал

Ініден ізет.

Ілмектер: іні, ізет

Әуелгі сөз — ағадан,
Әдепті сөз — ініден.

Ілмектер: сөз, аға, іні

Ағадан — ақыл,
Ініден— ізет.

Ілмектер: аға, іні

Аға адасса, іні із кеседі.

Ілмектер: аға, іні, өнеге

Көп ақымақтың ағасы болғанша, аз ақылдының інісі бол.

Ілмектер: аға, іні, ақыл

Бай болмақ ініден,
Биікке шықпақ баладан.

Ілмектер: бай, байлық, іні, бала

Ағаның өткені –
Інінің өткелі.

Ілмектер: аға, іні, өткел, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Ағасын көріп, іні өседі,
Апасын көріп, қыз өседі.

Ілмектер: аға, іні, қыз, тәрбие, Туыстық қатынастар

Аға ішкен бұлақтан,
Іні де су ішеді.

Ілмектер: аға, іні, бұлақ, су

Би болмақ ініден,
Билікке шықпақ баладан.

Ілмектер: іні, билік, бала

Аға – бор,
Іні – тас.

Ілмектер: аға, іні

Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.

Ілмектер: іні, аға, отбасы, туыс, жанұя

Ардагер аға алдында тұрсың,
Әдепті іні артында тұрсын.

Ілмектер: әдеп, іні, аға, ардагер

Жақсы аға — орман,
Жақсы іні — қорған.

Ілмектер: аға, іні, тәрбие, өнеге