Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (426) Ұлағатты сөздер (1)

Ағайын-туған кімде жоқ,
Сыйласпа, жаттай жоқ.

Ілмектер: ағайын, туыс, сыйласу, қырғыз мақалы

Жаңа жардың жалыны күшті.

Ілмектер: жаңа, жалын, жар, қырғыз мақалы

Жаңа жардың жалыны күшті.

Ілмектер: жаңа, жалын, жар, қырғыз мақалы

Қатын алсаң дардай,
Ұл туады – нардай:

Ілмектер: ұл, қатын, әйел, қырғыз мақалы

Басыңа тау құласа да,
Шыбын шаққандай шіміркпе.

Ілмектер: бас, тау, шыбын, құлау, қырғыз мақалы

Кәрісі бардың — ырысы бар.

Ілмектер: кәрі, ырыс, ырыс, қырғыз мақалы

Жақсы болса қатының,
Тасылмайды ақылың.

Ілмектер: қатын, қырғыз мақалы

Ала қойды бөліп қырыққан жүнге жарымайды.

Ілмектер: қой, жүн, бөлу, қырғыз мақалы

Есің бар да, етігіңді жап.

Ілмектер: ес, етік, қырғыз мақалы

Біреудің қатыны біреуге қыз көрінер.

Ілмектер: қатын, қыз, қырғыз мақалы

Бұқада қайын жоқ,
Сиырда төркін жоқ.

Ілмектер: туыс, бұқа, сиыр, қайын, төркін, қырғыз мақалы

Екі жынды бір кетті,
Есен барып, сау қайтсын.

Ілмектер: жынды, саулық, қырғыз мақалы

Бір тиын беріп айттыра алмайды,
Мың тиын беріп қойдыра алмайды.

Ілмектер: тиын, ақша, қырғыз мақалы

Еріккен қойшы – есі кеткен жолаушы.

Ілмектер: қойшы, еріккен, жолаушы, қырғыз мақалы

Көшсе – артта,
Қонса – сыртта.

Ілмектер: көшу, қырғыз мақалы

Балалы үй – гүлстан,
Баласыз үй – көрстан.

Ілмектер: бала, үй, гұлстан, қырғыз мақалы

Жарлының қалтасына ақша түссе,
Тырна болып сұңқылдайды.

Ілмектер: жарлы, кедей, ақша, қырғыз мақалы

Өтірікшінің шын сөзі жалғанға айналады.

Ілмектер: өтірікші, сөз, қырғыз мақалы

Жақсыдан жаман туса – шығыс,
Жаманнан жақсы туса – кіріс.

Ілмектер: жақсы, жаман, бала, шығыс, кіріс, қырғыз мақалы

Қарным үшін емес,
Арым үшін жылаймын.

Ілмектер: ар, қырғыз мақалы