Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (14) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (360) Ұлағатты сөздер (109) Әзіл, анекдоттар (1)

Жаман қатын терісін жимайды да,
Жегізіп алып итті қинайды.

Ілмектер: жаман, қатын, ит, Әдеп, әйел

Жаманның тапқаны – жапалақ.

Ілмектер: жаман, қырғыз мақалы, жапалақ

Жаман сөз дауға қалдырады.

Ілмектер: жаман, сөз, дау, қырғыз мақалы

Бергенін алған –
Наданның ісі.
Ішкенін құсқан –
Жаманның ісі.

Ілмектер: надан, жаман, құсу, қырғыз мақалы

Жаманнан сөз естігенше,
Жақсыдан таяқ же.

Ілмектер: жаман, жақсы, сөз, таяқ жеу, қырғыз мақалы

Жаман ит күндіз үреді.

Ілмектер: жаман, ит

Жақсыға жалынса –
Жан қалады.
Жаманға жалынса –
Бір қасық қан қалады.

Ілмектер: жақсы, жаман, жалыну, қан

Жаман жоқтан жоғарылау.

Ілмектер: жаман, жоқтық, кедейлік

Жаман өзі үшін бүлінеді,
Жақсы елі үшін жүгіреді.

Ілмектер: ел, жақсы, жаман

Қайталаған дерт жаман,
Қайта бұзған серт жаман.

Ілмектер: дерт, серт, жаман

Жаман – кісіден кейін, иттен ілгері.

Ілмектер: жаман, кісі, ит, қырғыз мақалы

Жаманның тонын кисең,
Тойда даулайды.

Ілмектер: жаман, той, дау, тон, қырғыз мақалы

Жаман құсты жақсы бақса – сұңқар болады.

Ілмектер: жаман, жақсы, сұңқар, құс, қырғыз мақалы

Жақсы сөз жан семіртеді,
Жаман сөз жан кейітеді.

Ілмектер: жақсы, жаман, сөз

Жаманның жан рақаты – ұйқы.

Ілмектер: жаман, ұйқы, рақат

Етігі жаман – төрді былғайды,
Өзі жаман – елді былғайды.

Ілмектер: жаман, төр, қырғыз мақалы, ертегі

Жаман атты жал басар.

Ілмектер: жаман, қырғыз мақалы

Жаман қатын терісін жимай, иттен көреді,
Басын жумай, биттен көреді.

Ілмектер: жаман, әйел, ит, бит, қырғыз мақалы

Жақсыға жата қал,
Жаманға қата қал.

Ілмектер: жақсы, жаман, қырғыз мақалы

Жаманға шөп батады,
Жақсыға сөз батады.

Ілмектер: жаман, жақсы, сөз