Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (33) Мақал-мәтелдер (365) Ұлағатты сөздер (65)

Ит – тойған жеріне,
Ер – туған жеріне.

Ілмектер: ер, туған жер

Егілмеген жер – жетім,
Елінен айрылған ер – жетім.

Ілмектер: жетім, ел, ер

Ат үйірін сағынса
Артқы аяғын қағынар,
Ер үйірін сағынса
Ер-тұрманын тағынар.

Ілмектер: ер, ел, жұрт

Ел қонысын тапса,
Ер ырысын табады.

Ілмектер: ел, ер, ырыс

Өнер-білім — ер қанаты.

Ілмектер: өнер, білім, ер

Ер елдің айнасы.

Ілмектер: ер, ел

Зергерсіз болса, зер мұңлық,
Жолдассыз болса, ер мұңлық.
Егінсіз болса, жер мұңлық.
Иесіз болса, ел мұңлық.

Ілмектер: ер, жер, ел

Қызғаншақ қатын ерін қориды,
Қырағы батыр елін де қориды,
Жерін де қориды.

Ілмектер: ер, ел

Зорлық көрсең ерге бар,
Қорлық көрсең елге бар.

Ілмектер: ер, ел

Аюды жеңген — жарты ер,
Ашуды жеңген — бүтін ер.

Ілмектер: ер, ашу

Жесір қатын ер болар,
Жетім бала ел болар.

Ілмектер: ел, ер, жесір, жетім

Ынтымақ — елдікке жеткізер,
Елдік ерлікке жеткізер.

Ілмектер: ынтымақ, ел, ер

Аман ердің аты шығар.

Ілмектер: ер, батыр

Қашпақ, қумақ ерге сын,
Көшпек, қонбақ жерге сын.

Ілмектер: ер, жер, сын

Шын ер — жеңсе, тасымас,
Жеңілсе, жасымас.

Ілмектер: ер

Ат басына күн туса,
Ауыздығымен су ішер;
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер.

Ілмектер: ер

Ер елдің —
Ық жағының қаласы
Жел жағының панасы.

Ілмектер: ер, ел

Ердің сыншысы — елі.

Ілмектер: ер, ел

Ер кезегі — үшке дейін.

Ілмектер: ер

Ел шарасыз болмас,
Ер жарасыз болмас.

Ілмектер: ел, ер