Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (13) Мақал-мәтелдер (17) Ұлағатты сөздер (32)

Сын түзелмей, мін түзелмейді.

Ілмектер: сын, мін

Төбе би де өзіміз,
Төре би де өзіміз.
Қисық болса сөзіңіз,
Құрулы тұр тезіміз.

Ілмектер: сын, дәуір

Істеу қиын, сынау оңай.

Ілмектер: еңбек, сын

Жігітті — сын шыңдайды.

Ілмектер: сын, өнеге, жігіт

Халық сыны қатесіз.

Ілмектер: халық, сын

Сынасуға жараған,
Сыйласуға да жарайды.

Ілмектер: сын, сый

Қашпақ, қумақ ерге сын,
Көшпек, қонбақ жерге сын.

Ілмектер: ер, жер, сын

Жігітті, бірде, майданда сына,
Бірде, бейғамда сына.

Ілмектер: жігіт, сын

Түлкі алған итте сын болмас.

Ілмектер: ит, сын, жануар

Жігітті не дауда, не жауда сынайды.

Ілмектер: жігіт, дау, жау, сын

Ерлік - елдің сыны.

Ілмектер: ерлік, сын, батырлық

Ер сыншысы - елі.

Ілмектер: сын, ер, ел

Жауды сынасып ұрыспақ жоқ.

Ілмектер: жау, сын, сынау

Қанды соғыс ерге сын,
Қаптаған жау елге сын.

Ілмектер: соғыс, ер, жау, сын

Халық қатесіз сыншы.

Ілмектер: халық, сын, сыншы, ел

Бектер сөзін айта берме (басқа сын!),
Қайталама жақсы сөзден басқасын.

Ілмектер: бек, сөз, сын, жақсы

Біткен іске сыншы көп,
Піскен асқа жеуші көп.

Ілмектер: іс, ас, сын, сыншы, дәуір