Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (37) Ұлағатты сөздер (25)

Ақылды үшін дүние толған тікенек,
Бассаң, кірер аяғыңа, байқа тек!

Ілмектер: ақылды, дүние, тікенек, аяқ

Ақылдыны іздегеннің өзі — нағыз ақылды,
Білімдіні іздегеннің өзі — нағыз білімді.

Ілмектер: ақылды, білімді

Ақылды істі асығып ойланбайды,
Ішегің көп жүгірсең майланбайды.

Ілмектер: ақылды, асығу, ой, ішек, майлану

Ақылдыға айтса, біледі,
Ақымаққа айтса, күледі.

Ілмектер: ақылды, ақымақ, күлу

Ақылдыға жақындас,
Ақылсыздан өз басыңды алып қаш.

Ілмектер: ақылды, ақымақ, бас

Ақылдыға ишарат,
Ақымаққа тоқпақ.

Ілмектер: ақымақ, тоқпақ, ишарат, ақылды

Ақылдыға сөз айтсаң,
Толыса түсер ақылы.
Ақылсызға сөз айтсаң,
Сол күйі қалар ақыры.

Ілмектер: ақылды, ақыл, ақылсыз

Ақылдыға сөз ерер,
Ақылсызға бөз ерер.

Ілмектер: ақылды, ақылсыз, сөз

Ақылдымен отыру — ақымаққа жаза,
Ақымақпен отыру — ақылдыға тозақтан жаман қаза.

Ілмектер: ақылды, ақымақ, жаза, тозақ

Ақылдыны білім ұстамды қылады.

Ілмектер: ақылды, ақыл, білім, ұстамдылық

Ақымақ әкімнің айналасында жарамсақтар отырады,
Ақылды әкімнің айналасында ақылды адамдар отырады.

Ілмектер: ақымақ, ақылды, әкім, айнала, жарамсақ, адам, отыру

Ақымақпен жараспа,
Ақылдыдан адаспа.

Ілмектер: ақымақ, ақылды

Алған қатын ақылды, ізгі болса,
Ол еріне жан болар.
Ақымақ, жауыз болса,
Құр жұмысқа жар болар.

Ілмектер: қатын, ақылды, ізгі, ер, ақымақ, жауыз, жұмыс

Жүзігі алтын болғанмен,жүзі жарқын емес .

Ілмектер: адамшылық, жарқын жан, алтын адам, мейірімді, ақылды, Таза

Ақылды мақтанса, істі тындырар,
Ақылсыз мақтанса, аяғын сындырар.

Ілмектер: ақыл, ақылды, мақтану, мақтаншақтық

Ақылды жігіт атқа да мінер,
Таққа да мінер.

Ілмектер: ақылды, жігіт

Ақылды "көндім" десе,
Ақымақ "жеңдім" дейді.

Ілмектер: ақылды, ақымақ