Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (48) Өлеңдер (93) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (848)

Саналы адам сағыңды сындырмас,
Санасыз адам жағыңды тындырмас.

Ілмектер: сана, адам

Адам — тастан қатты,
Гүлден нәзік.

Ілмектер: адам

Жан ашыры жоқ адам
Жал-құйрықсыз атпен тең.

Ілмектер: адам, ат

Адам - түп ата, Хауа - түп ана.

Ілмектер: адам, адам туралы

Адам — ардақты ат.

Ілмектер: адам, адам туралы Максим Горький

Адам адамға, жан кеудеге мейман.

Ілмектер: адам, адам туралы

Адам жылқы мінезді.

Ілмектер: адам, адам туралы, мінез

Адамның жүрген жері - абат.

Ілмектер: адам, адам туралы

Адамның жүрген жері - гүлстан.

Ілмектер: адам, адам туралы

Адам зоры - тоғын,
Жылқының зоры - соғым.

Ілмектер: адам, адам туралы, жылқы, төрт түлік мал

Адамға адам керек әрбір жайда.

Ілмектер: адам, адам туралы

Адамға тойымшылық керек.

Ілмектер: адам, адам туралы

Адам көпке, мал шөпке тоқтайды.

Ілмектер: адам, адам туралы, төрт түлік мал

Адам - ала, мал - құла.

Ілмектер: адам, адам туралы, төрт түлік мал

Адамды кейде баршылық сынайды,
Кейде жоқшылық сынайды.

Ілмектер: адам, адам туралы, кедейлік, байлық

Адам өзгенің қадірін өзі арқылы түсінеді.

Ілмектер: адам, адам туралы

Адам жаманнан жиренбей,
Жақсыны үйренбейді.

Ілмектер: адам, адам туралы, жақсы, жаман

Қажып жүрген адамға,
Қарсы алдынан шыққан ит,
Қасқыр болып көрінер.

Ілмектер: адам, ит

Адам ең қатты сүйіктісін, ең жақсы түрде жанұясын, ең ұзақ анасын жақсы көреді.

Ілмектер: адам, жанұя, ана, ирландия халқының мақалы

Адам сыртқы көрінісімен қарсы алынады, ішкі дүниесімен шығарып салынады.

Ілмектер: адам, моңғол мақалы, көрініс, ішкі дүние

Пікірлер