Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (21) Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (2) Ұлағатты сөздер (5)

Жар туралы

Аз ба бізде көпке ұнаған сұлулар,
Реңі емес, жүрегінде жылу бар.
Қуыс кеуде сұлуларың – бос сурет,
Осыны аңғар таңдарында сүйген жар.

Толық

Мыс салт атты

Жер шауып, болмайтындай бұл түгесіп,
Атының омырауы бұлтты кесіп,
Сан озып ғасыр бұдан, бұл ғасырдан
Кетсе де, төзу білмей тұр сіресіп.

Толық

Тұсаукесер

Былтырғыдан, балдырған,
Қалдың біраз есейіп.
Жарылқасын алдыңнан,
Тұсауыңды кесейік.

Толық

Салт атқа мініп, сар желіп қырда қайтар ем

Салт атқа мініп, сар желіп қырда қайтар ем,
Шалқақтап жүріп «Айнамкөзді» айтар ем.
Шекетулі ерде отырар едім шайқалып,
Сүріне білмес су жорға болса байталым.

Толық

Қазақ салты

Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,
Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ.
Жел соқса, құйын қуса жылжи беру
Болғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ.

Толық