Далам жатыр көркейіп
Далам жатыр көркейіп,
Шуақты күн өртеніп.
Көкрек керіп дем алам,
Жарқын менің ертеңім.
Далам жатыр көркейіп,
Шуақты күн өртеніп.
Көкрек керіп дем алам,
Жарқын менің ертеңім.
Далам жатыр көркейіп шуақтанып,
Далам жатыр сезімденіп қуаттанып.
Мен сүйемін елімді, жерімді де,
Кең байтақ таулы, сулы көлімді де.
Осы жерде тәңірменен теңелгем.
Осы жерде қуанышқа кенелгем.
Атомды да ажыратып аларсың,
Алайда сен бөле алмайсың мені елден!
Таулы, тасты сала көп,
Сірә, мұндай дала жоқ.
Атаң менен әжеңнің
Өскен жері бала боп.
Жадымда, бала дəурен сəн құрғаны
Біз едік əжелердің балдырғаны
Тəтті кезден таңдайда дəмі қалған
Анамның жаңа үзілген тандыр наны.
Құлсарым менің көркейген,
Табиғаты қандай тамаша!
Сәнді үйлер бой көтерген,
Ғимараттармен таласа...
Кең Жылыойым, туған жерім, мекенім!
Әнге қосып, сені жырлап өтейін.
90 жылдық,мерейлі сенің тойыңа,
Жүрегімнен жырымды арнап кетейін...
Туған жерім еңселі,айбынымсың,
Тек сенімен мақтанады ұл-қызың.
Көркие бер,жайнай берші мәңгілік,
Қуанышпен атсын сенің әр күнің.
Мен саған ғашықпын сенесің бе
Соңымнан жыр төгіп ересің бе
Шыңның биік басындағы шынардайын Жүрегімнің күлкісіне енесің бе
Ауылым қос арықтың жағасында,
Қолымның алтын жүзік саласында.
Қайран елім қалады, қайран елім.
Бірге өскен құлын-тайдай, құрбыларым,
Жүзді екен деп жүгі жұмбақ бір кеме,
Бақыт-бақты шет елдерден іздеме.
Туған жерге табын-дағы тер төккен,
Байлық деген тұнып тұр ғой іргеде.
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі