Сағыныш
Сағындым сені,
Сағындым сені,
Көңілдің шері
Тарқамай.
Сол ағаштар, сол дала өзгермеді,
Қай құдірет тап қылды сізге мені?
Суық күнде жүрекке жылу беріп,
Өзіңізбен махаббат күзде келді.
Тұтқынына айналып сағыныштың,
Саған қарай келеді алып ұшқым.
Қол ұстасып отырсам құшағында,
Түсім екен мен тағы жаңылыстым.
Ескі жылдар шықпай есімнен,
Іздеймін кейде сағынышпен түсімнен.
Сол баяғы балалық шақ бақытты,
Жүргендеймін асыр салып дос - құрбымен.
Бүгін менің көңіл –күйім тамаша,
Мәз боламын, жүгіріп жас балаша.
Тоқтата алмай күлкімді,
Кенеледі жан – дүнием керемет бір қуанышқа.
Сағынатын кімім бар енді менің,
Əлімсақтан несібем кем білемін.
Қара басқан жасынан қаралымын,
Емдеу үшін келгенмін ел жүрегін.
Саған менің сағынғаным білінбеді
Әр бір сөзің жүрегімді тілімдеді
Қаншама рет қайғы мұң салсаңдағы
Мендік жүрек сені қалап күлімдеді
Тарыдай боп танысып парталаспен
Алғаш әріп таныдық сыныптаспен
Бала кезден бірге өсіп сол жандармен
Кетіп бара жатырмын мектептен мен
Солқылдатса тамырда от кеселі,
Сағыныштың самалы іште еседі.
Ауық-ауық терезеге қараймын,
Қайда достар, қайда туыс кешегі.
Бұл заманға іліккенбіз шаршап кеп,
Армандарды асырадық ән сап-бек.
Сан ғасырлар сахарада жүрдік біз,
Қасқырдан да ақылдырақ болсақ деп.
Арман қуып жүр әлі бағы аздар да,
Тату таулар таңқалып араздарға.
Өлең болып көшеді біздің арман,
Сүйегі сықырлаған қағаздарға.
- Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі