Өлең, жыр, ақындар

Солқылдатса тамырда от кеселі

  • admin
  • 07.01.2024
  • 0
  • 0
  • 72
Солқылдатса тамырда от кеселі,
Сағыныштың самалы іште еседі.
Ауық-ауық терезеге қараймын,
Қайда достар, қайда туыс кешегі.
Мені олардың ұмытуы мүмкін бе?
Қоштасу да қиын еді-ау бір күнге.
Сағыныштың сазы жанды сыздатып,
Көз ілместен шықтым тағы бұл түнде.
Кетті-ау бәрі сапарларға алысқа.
Теңізде ме, жүр ме әлде ғарышта.
Оралса екен ұясына аман-сау,
Достарым да, туыстар да, таныс-та.
Денсаулықтың сауытын сәл тат басып,
Емханаға тіреп тұрмын ат басын.
Бәріңе де тілеулес боп жатырмын,
Сендерді де, мені де Алла сақтасын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақбоз үй, айлы түн

  • 0
  • 0

Ақбоз үй, айлы түн, сылқылы бұлақтың,
Көк шалған көк теңіз сыбдыры құрақтың.
Тұп-тұнық айдындай аспан мен айнала,
Көгенде күйісі қозы мен лақтың.

Толық

Адам боп өтсем арман жоқ

  • 0
  • 0

Адам боп келдім өмірге, адам боп өтсем арман жоқ,
Бақыт пен байлық шайқалса, басыңды мүжір арлан боп.
Өмірден кімдер өтпеген, алтыннан сарай салдырып,
Жақсылығынан басқа артында, жарты тиын да қалған жоқ.

Толық

Бірдей емес барлық бейне

  • 0
  • 0

Бірдей емес барлық бейне, мүсін де,
Бірдей емес екі қолда күшің де.
Бірдей емес бір сәттегі қозғалыс,
Бірдей емес бір сәттегі ісің де.

Толық

Қарап көріңіз