Өлең, жыр, ақындар

Керегі жоқ алтынның

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3197
Керегі жоқ алтынның,
Күмістің де.
Өніп жатса болғаны жұмыс күнде.
Бірақ кейде
Көргенде бөбектерді
Ойнағым кеп кетеді құм үстінде.
Аптап ыстық сәл ғана түсті іңірде.
Аптап, ұйқы жанымды қысты бірге.
Жолаушыдай
Сол кезде
Ат шалдырған
Жатып алғым келеді скверде.
Есепті өттім мектепте,
Әріпті өттім.
Өмірімді өнермен көрікті еттім.
Шуылдаған жастарды көрген кезде
Келеді де тұрады еріп кеткім.
Өзім сырым өзіме анық-айқын.
Бір күнім жоқ жігерді жанымайтын.
Айтқым келіп тұрады сұлулығын
Тоқтатып ап сұлуды танымайтын.
Тие қоймас септігі бай мұраның.
Жұбатады адамды қай құраның?!
Маған зиян келтірген адамның да
Өліміне шынымен қайғырамын.
Бір-ақ сөзден қабырғам сылынады.
Бір-ақ сөзден жүрегім жылынады.
Бірақ менің мұнымды кім түсініп,
Бірақ менің мұңымды кім ұғады?!
Осылаймын,
Солай ем кеше де мен.
Талай-талай өртеніп өшеді өлең.
Бірақ бәрін жасырып,
Сұп-сұр болып
Кетіп бара жатамын көшеменен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көзім жеткен көргенде-ақ оңбасыңа

  • 0
  • 0

Көзім жеткен көргенде-ақ оңбасыңа,
Шын даңқтың басыңа қонбасына.
Даңқ деген — мақала,
Баяндама

Толық

Не қалады?

  • 0
  • 0

Не қалады?
Шаң қалады көштерден.
Майы біткен шам қалады кештерден.
Не қалады?

Толық

Көшпелі құм

  • 1
  • 2

Көк шапан жамылмаған тал-ағаштан
Құм өзі аумайды екен жалаңаштан.
Жабайы жылқы ма екен
Жігіт желге

Толық

Қарап көріңіз