Өлең, жыр, ақындар

Темір

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3098
Жиырмасыншы ғасырдың төрінде өсіп,
Жұқартамыз жүйкені керілдесіп.
Темір табыт бұйырып кейбіреуге,
Тербетеді сәбиді темір бесік.
Темір-бетон үйдің де қабырғасы.
Ғалымдардың темірден ауыр басы.
Темір түйме,
Темір жіп,
Темір тарақ,
Темір табақ,
Темір тіс,
Темір қасық.
Темір көсеу заводта көмір көсеп,
Темір жырын тыңдасаң — өмірге есеп.
Темір тұлпар жеткізіп жер түбіне,
Түнде сені күтеді темір төсек.
Темірғали, Темірбек — не бір есім
Танытады қазақтың Мэгресін.
Парктердің қоршауы — темір қоршау,
Банктердің есігі — темір есік.
Темір жолдар жатқанда тамырланып,
Аңқау болып бекерге аңырмалық.
Су астында жүйткиді темір қайық,
Темір қайық, яки темір балық.
Қуанышты көргенде негр бізді,
Құшағында достықтың өмір қызды.
Бомба деген бар темір жұмыртқалар,
Темір қырғи,
Бар және темір құзғын.
Темір,
Темір...
Біз кеше өлең-жыр ек.
Бәрін еске аламын мен елжіреп.
Керек бізге темір күш,
Темір төзім.
Керек емес жалғыз-ақ темір жүрек!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айналаға ақ сәуле таратқандай

  • 0
  • 0

Айналаға ақ сәуле таратқандай,
Дүниеде жоқ емес,
Бар ақ маңдай.
Сұлулығын бағалап,

Толық

Тыныштық

  • 1
  • 3

Тып-тыныш боп тұратындай әманда,
Тыныштықты ұқпай қалдым табанда.
Табиғатта дөңбекшу жоқ,
Діріл жоқ,

Толық

Жаңбырдан соң

  • 0
  • 0

Жалт-жұлт етіп, сарт-сұрт етіп жалт ойнап,
Жаздай жаңбыр жаумап еді — жұрт айғақ.
Бимаза жел аспан астын аралап,
Бір мезгілде алып келді бұлт айдап.

Толық

Қарап көріңіз