Өлең, жыр, ақындар

Көктем құдіреті

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2436
Арулармен тектес көктем қылығы.
Алып ұшқан көңілдердің күлігі.
Аузы берік тұйық жандар шешіліп,
Ашылғандай құпиялар құлыбы.
Мен де амалсыз сыбызғымды қолға алам.
Мамыр болып тебіренем,
Толғанам.
Сыңғыр-сыңғыр төгіледі сәріде
Сандуғаштың көмейіне толған ән.
Гүл-гүл жайнап әрбір үйдің бикесі,
Жігіттердің шымырлайды жүйкесі,
Қарлығаштың ұясынан табылып
Әжеміздің ұмытып кеткен шүйкесі.
Жерге шаншып кеткен болат пышақ та
Гүлге айналар
Өтпей жатып үш апта...
Жігіт-емен күбірлейді кешқұрым
Қыз-қайыңды мықынынан құшақтап.
Күндіз-түні шырқалғанда жастық ән,
Көңілдегі сейіледі тас тұман.
Қариялар өткендерін еске алып,
От іздейді қоламтаның астынан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауылдастар арасында

  • 2
  • 3

Ақын болдың маңдайыңа бақ дарып,
Абыроймен жүрсін, оны атқарып,
Деп ауылдың адамдары
Көңілге

Толық

Суықторғай

  • 0
  • 0

Шыбық борбай
Суықторғай,
Бүрсең қағып,
Жүрсің нағып,

Толық

Ақындар мен патшалар

  • 0
  • 0

Дарынды жерден ізде,
Көктен ізде,
Оларды берген емес текке бізге.
Шабытты ерттеп мінген Шеллиіңіз

Толық

Қарап көріңіз