Өлең, жыр, ақындар

Көңіл

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2635
Әлем-далам мұнша неткен кең еді!
Қозы-көктем күн емшегін емеді.
Көк жайлауда құлын болып құйғытып,
Көк аспанға құс боп ұшқың келеді.
Неткен тұнық,
Неткен мөлдір көл еді!
Жүзіп берсең,
Қолтығыңнан демеді.
Тұңғиыққа күндіз-түні телмірген
Сәукелелі құрақ болғың келеді.
Неткен самал!
Неткен ерке жел еді!
Құшағыңа қуаныш боп енеді.
Желге айналып,
Қызыл тартқан қыздардың
Омырауын аймалағың келеді.
Неткен дарқан!
Неткен жомарт ел еді!
Көп ішінде ұмытып кетпей,
Еледі.
Қарттар қандай!
Сол қарттардың қолына
Су құятын бала болғың келеді.
Неткен ұзақ!
Неткен даңғыл жол еді!
Жол ақысы жүрген сайын өнеді.
Жүйрік жетпес жер түбінен сөз салып,
Осы ауылға құда түскің келеді!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Не үшін?

  • 0
  • 13

— Екі көзің не үшін керек?
— Жақсыларды көру үшін!
— Екі қолың не үшін керек?
— Елге көмек беру үшін!

Толық

Шие мен жиен

  • 0
  • 1

Айтқан тілді алмайтын
Көршіміздің жиені.
Әлі жеуге болмайтын
Жұлатын көк шиені.

Толық

Соғыста да

  • 0
  • 0

Соғыста да,
Бейбіт кез жаншылықта
Біз буынбыз заманға сай шыныққан,
Ащы менен тұщыдан тұрады өмір,

Толық

Қарап көріңіз