Өлең, жыр, ақындар

Соғыста да

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4216
Соғыста да,
Бейбіт кез жаншылықта
Біз буынбыз заманға сай шыныққан,
Ащы менен тұщыдан тұрады өмір,
Басқан ізің тұрады қайшылықтан.
Әділ болсаң бағамды берші менің.
Бере алмасаң құр босқа тершімегін.
Кедей болсаң,
Кекжиіп менсінбейді,
Көре алмайды бай болсаң көршілерің.
Жас кезіңде:
Қуат бар,
Күш барында
Жарасады қонғаның,
Ұшқаның да.
Тірі кезде досың да жамандайды,
Өлгеннен соң мақтайды дұшпаның да!
Қалай ғана сенесің сол достарға,
Қулық-сұмдық ішінде мол бастарға?!
Ішкеніңе қайғырып бала-шағаң,
Ішпегенің батады жолдастарға.
Бұл адамнан бәрі де табылады.
Жаманың да,
Жақсың да танылады.
Осал болсаң —
Есектей ерттеп мініп,
Мықты болсаң —
Барлығы жабылады...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жапалақ

  • 0
  • 0

Бір біріне жапалақ
Қараңғыда ұш дейді.
Қою түнді паналап,
Қарақшылық істейді.

Толық

Көк дауылмен жағаласып кемеміз

  • 0
  • 0

Көк дауылмен жағаласып кемеміз,
Көк мұхитта қақпақыл боп келеміз.
О жасаған!
Өстіп жүріп бір күні

Толық

Жаңбырсыз жаз

  • 0
  • 0

Бұрынғыдай Жайық емес Жайық та,
Жағалауда қаңсып жатыр қайықтар.
Көрмедім деп болмай-ақ қой күдікті,
Көңілі де орта түскен құдықтың.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар