Өлең, жыр, ақындар

Қасиетті Еркіндігім

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2758
Қасиетті Еркіндігім!
Теңдігім!
Қанша шаруа тындырар ем ендігі?!
Амалсыздан азап шегіп отырмын
Тұтқыны боп бір айтыстың мен бүгін.
Көл-көсір сөз,
Кім-кімге де жеткен сөз
Бірі тура,
Бірі лағып кеткен сөз.
Сөйлеп жатыр,
Сөйлеп жатыр шетінен,
Сарқылмайтын,
Ортаймайтын неткен сөз!
Өз өмірін сөзбен жеген ұрылар
Қылды ысырап уақытымды қыруар.
Қарап тұрсаң,
Кейбіреудің —
Бір емес —
Бірнеше рет сөйлейтұғын түрі бар.
Кезек-кезек бұрқыратып шылымды,
Көмеді олар мәжіліспен жылыңды.
Есептесе қайтер еді.
Солардың
Кесірінен көрген таза шығынды!
Қара суды сапырысқан кездерде
Көремін мұң мен ақылды көздерден.
Қалай ғана жалықпайды осы жұрт.
Сұйығы көп,
Түйірі жоқ сөздерден!
Ағайын-ау!
Бітпейтұғын бір күнмен
Жиындарда туа қоймақ жыр кімнен?!
Мен отырмын жұтып жұрттың түтінін...
Бал арасы шырын жинап жүр гүлден!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аз да болса балалық еркелетті

  • 0
  • 0

Аз да болса балалық еркелетті,
Еркелетті,
Бірақ та ерте кетті.
Шегірткені көргенде

Толық

Тозған дене көк теректей құлайды

  • 0
  • 0

Тозған дене көк теректей құлайды,
Демалысқа арнадым мен бұл айды.
Желдің жұмсақ алақаны
Жүйкені

Толық

Бейбіт күн бейнесі

  • 0
  • 0

Жылдағыдан жер биыл ерте көктеп,
Жасыл бақты жасыл жел еркелетпек.
Көк инесін көк жіппен сабақтайды
Көлеңкеде кәрі ана көрпе көктеп.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар