Өлең, жыр, ақындар

Анаңды сүй

Анаңды сүй,қабағына қара соның
Еш уақытта қарсы келме,кеспе жолын
Уақыт тап болмасада бос қолың
Себебі жұмақ жатыр аяғында оның

Балам деп енбек етті біздер үшін
Адам бол деп салды бүкіл ынта күшін
Алладансоң тұратын ата-анағой
Солардың бар кезінде құнын түсін

Бала болдық ойланбадық xате кетті
Ата-ана болсаң түсінерсін деген сөзді
Түсіндім енді түсінетін уақыт жетті

Ғұмырың ұзақ болсын жан анашым
Жеңісімнің арқауы сенғанасың
От боп жанып жүргімде шоқ қалғанда
Шоғым сөніп қалмасын деп от саласың

Бол деп айттың намысқа бекем арға
Бақыттымын өзіңдей анам барға



Пікірлер (2)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Aika1998

Өлеңді оқып анамды сағынып кеттім heart

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз