Өлең, жыр, ақындар

Майгүлге

  • 19.04.2015
  • 1
  • 9
  • 55618
Қалақтай едің,
Қабірінде қалақ тұр.
Туғаныңды, өлгеніңді санап құр.
Сенің аңқау құлағыңдай қалқиып,
Қыр басынан қала жаққа қарап тұр.
Қызым менің,
Гүлім менің,
Аяулым!
Жатыр молаң жотасындай қоянныц
Құлпытастың құны маған бес тиын,
Бірақ таспен қалай жаншып қоярмын?!
Қойман, ботам.
Керегі не көк тастың.
Қыста ақ қар, жазда шалғын шөп бассын.
Өзің келген май айында ақ нөсер,
Ағыл-тегіл бізбен бірге жоқтассын.
Керегі жоқ көк тастың
Бұлданба, жүрек, бұлданба!
Жиылып досың тұрғанда,
Жиырып сені жентектер,
Жымысқы қайғы-мұң бар ма,
Бұлданба, жүрек, бұлданба!
Қызығы тайып, қызы өлген,
Жалғыз-ақ сен бе бұл маңда?!
Қыс қайтып, жасыл көктемде.
Қызғалдақ өсер қырларда.
Өкініш айтып өткенге,
Бұлданба, жүрек, бұлданба!
Сары алтын дейді сабыр іс,
Тепкілей берме, өкпемді.
Қыз деген құрғыр сағыныш,
Сағынту үшін кеткен-ді.
Бұлданба, жүрек, бұлданба!



Пікірлер (9)

Улжайна абылкасым

Майгулге ондай емес сияктыго

Диана

Я солай ақын жфрды жасырмай оз кызынын кайтыс болганы туралы курсине отрырып жазылган

моля

ақынның қызына 3тей ме өлеңі барғой

Гульназ Рафалилова

Тағы басқаларын саласыздар ма?! 20.04.17 ге дейін өтініш! Қатты керек еді! 24.04.17 конкрус болатын еди таба алмай жүрмін! алдын ала рахмеет!!!

асем

Қатты ұнайды

Амина9191__

Оте керемет

Альбина

Өте керемет екен толық нұсқасыма???

Аруна

Мұқағали Мақатаевтың Майгүлге өлеңі керемет!

Жанару

Осы өлең және қайтсем сенің құтыламын елесіңнен деген өлеңі жүрегімді жаулап алды ғой

Пікір қалдырыңыз

Халқым барда

  • 1
  • 5

Шыныменен дос жоқ-ау дос жоқ менде.
Сонда қалай, өмірім босқа өткен бе?!
Осылай бір байламға келдім бүгін,
Қарадым да сүйіскен қос кептерге.

Толық

Көшеде

  • 2
  • 13

Мен жолымды берейін, өт қарағым,
Несін күттің, несіне көп қарадың?
Анасының бергенін саған берген,
Аруағынан айналдым текті Ананың!

Толық

Сен менің

  • 1
  • 5

Сен мына - жанарымның ішіндесің,
Жанардың білесің ғой кішірмесін.
Ішіне жанарыңның сақта меңі,
Біреулер көлеңкесін түсірмесін!

Толық

Қарап көріңіз