Өлең, жыр, ақындар

Баян тану

Тарих талас беттерінен үзінді,
Жазылған сыр, сүйемелдеп жүзіңді.
Көзі көрген пенделермен білісіп,
«Баян тану» жарық шықты туынды.

Таба байлап – өзегімді дамылсыз,
Түркменбашы туған жер деп жүрген – із.
Әйел тағдыр, жетім өскен балалар,
Бір ғұмырлық – ана бақыт көрінді.

Ата жолмен баба жолы білгенге,
Ақ жаулықты әже ғұмыр жүргенде.
Ақ пиілді алла өзі жар болып,
Өзің жайлы, жазды ұлдан немере.

Бір әйелдей тауқыметте тартқансыз,
Ел сыйлаған, үміт отын жаққансыз.
Жарлы – жетім қолда бардың барлығын,
Өзіңе де, қалдырмастан тартқансыз.

Бұл фәниде арлы намысқа кір шалмай,
Өтіп кеттің, әже – ғұмыры іншаллай...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ашылмаған сыр....

  • 0
  • 0

Қалай айтам, сүйемін деп өзіңді
Сүйіп тұрып, көре алмасам жүзіңді
Аңсап - аңсап жүрегімде тұншыққан,
Білесіңбе қайнар мендік сезімді

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар