Өлең, жыр, ақындар

Іздедім сені

  • 06.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2523
Іздедім сені арманым,
Құлпырған әсем бақтардан.
Бүр жарған қызғалдақтардан,
Алғашқы жауған ақ қардан...
Әйтеуір менің үмітім,
Үмітім менің жоқ талған.
Іздедім тағы арманым,
Толқыннан
Жемде тасыған,
Сағыныштың мөлдір жасынан.
Шырқатып жүрек асыл ән.
Таптым мен сені аяулым,
Мұнараның ұшар басынан,
Жетуге соған асығам...
***
Ақшаңқан қазандарым –
Ақ қабық сазандарым:
Нағыз дүр батырсыңдар,
Мұнай – қан тамырларға,
Таратып жатырсыңдар.
Толассыз толасыңдар,
Бойында мол ашу бар.
Алғашқы атқан фонтан,
Қоймасы боласыңдар.
О-о, сосын әр кеудеге,
Алау боп жанасыңдар,
Жанасыңдар.
Өмірге мұнай-теңіз,
Мың түр боп таралады.
(Еркіңіз қалай деңіз),
Бар тірлік нәр алады.
Тілеймін ұмытпауды,
Жүретін әр ізді шын.
Құпия құлыптаулы,
Сыр сандық тәріздісің.
Кетіпті-ау бір өзіңмен,
Алысқа даңқым да асып.
Кеудемнен жыр егілген,
Өзің бір ән тыңдашы.
Жалынды жүрегіммен.
Көлбеген ақ сағымға,
Ауып бір аңсарымда.
Мен сенен көз алмадым:
Ақ қабық сазандарым –
Ақшаңқан қазандарым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қалыңдық

  • 0
  • 0

Түркпен досым Дүрді сен,
Айтшы білсең (білгіш ең)
Жау болмаған біздің халық дос болған,
Қонақасы жеген талай қостардан,

Толық

Досқа наз

  • 0
  • 0

Бала кезде бірге ойнадық талай біз,
Құпия емес, арман болған арай қыз.
Ал бүгінде бірімізге біріміз,
О, өмір-ай,

Толық

Күзетемін, сені, Отан!

  • 0
  • 0

Қырық бірдей күн туса саған, Отан,
Жалмамақ боп бақыттың байтақ әнін.
Махаббатпен кіршіксіз балаңа тән,
Жарқ етем, – деп көгіңде айта аламын.

Толық

Қарап көріңіз