Өлең, жыр, ақындар

Досқа наз

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1828
І
Бала кезде бірге ойнадық талай біз,
Құпия емес, арман болған арай қыз.
Ал бүгінде бірімізге біріміз,
О, өмір-ай,
Сынай-барлай қараймыз.
Уақыт шіркін, жылжиды алға, тоқтамас,
Мөлдір көзде болмаушы еді өкпе наз...
Ал бүгінде білмегенсіп жүрсек те,
Тұрмыста да, жұмыста да бақталас.
Енді досым не десеңде өзің біл,
Жасты ойласақ толған кемел кезің бұл.
Соның бәрі деп білемін меніңше,
Ылайланғаны сонау мөлдір сезімнің.

ІІ
Ұқпадық па бұл өмірдің сырын біз,
Тек шаттықтың шырқаушы едік жырын біз,
Бәке, Сәке – деп жатымыз қазірде,
«Әй», – дейтін ек, «ей» – дейтін ек бұрын біз,
Ұқпадық па ұзақтығын қаншалық,
Атқызушы ек аппақ таңды ән салып.
Құшақтасып сәл шаттықтың өзіне,
Жатушы едік маңыз беріп соншалық.
Өзге нәрсе көңіліңді бөледі,
Ұмыт қалып балаң достық өлеңі.
Ал бүгінде көңілің босап тұрса да,
Қайғыға да,
Шаттыққа,
Байсалды боп көрінгің-ақ келеді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кім дейміз?

  • 0
  • 0

Самалының лебінен аққан нұр,
Көшелерін жасыл-желек жапқан кіл.
Он қалаға татитұғын бір қала,
Сарыарқадан соққан кім?

Толық

«Адам тегі маймыл» - дейді

  • 0
  • 0

Нанба мейлі, наныңдар,
Танба мейлі, таныңдар,
«Адам тегі маймыл» – дейді ғалымдар.
Ғалымдардарға таңым бар.

Толық

Боз далам

  • 0
  • 0

Боз iнген дауыс – боз далам,
Ботасын iздеп боздаған.
Баз бiреу көңiлiн толқытып,
Баз бiреу шерiн қозғаған.

Толық

Қарап көріңіз