Өлең, жыр, ақындар

Күткен күндер

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1180
Сараңның жүрегінен шаттық үзіп
Тағы да ауыл кеші, жатты қызып
Зейнептің көңілі сонша қуанышты,
Аңсап күткен күндерден тапты қызық.
Жан еді ғой ол өзі тұрған ерек,
Жүретін жүрегіңді нұрға бөлеп.
Ана керек өмірде жаны күндей,
Сол ананы қуантар ұл да керек.
Өтетін ақын біткен жырлап ерек,
Өтетін өміріңді жырға кенеп.
Таудай қасірет болса да белдесетін
Нәзік жанды, ер көңіл қыз да керек.
Күттірмей қасіретің келсе кенет,
Тайдырмай табаныңды тұрған демеп.
Дүние шөл боп кетсе, көңілі көл
Зейнептей аналардың орны бөлек.
* * *
Қамданды ауыл болып той қамына,
Бүгін тіптен маза жоқ қой торыға.
Көрем деп бұндай қызық, жақсы күнді
Бір кезде Зейнеп байғұс ойлады ма.
Жүрегі жарылардай қуаныштан,
Арылды қасіреттен туа құшқан.
Жүгіріп жүр абысын, қайын біткен,
Бұл күні келін-кепшік құрақ ұшқан.
Тағатсыз келін түсер күтті кезін,
Баурап ап жан дүниесін күшті сезім
Зейнептің арманы еді қашаннан да
Осылай думандатып түсті келін!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір уыс топырақ

  • 0
  • 0

Қаншама артық болса да
басқа қала,
Жетер ме өз туған жер,
тас қораңа.

Толық

Көл басындағы ой

  • 0
  • 1

Жарық ай шың басында қиылып тұр,
Көл беті нұрланады
Құйылып нұр.
Басында Бурабайдың салдық құрып,

Толық

Асау

  • 0
  • 0

Шың баурайы бұйығады дым бүркіп,
Тығылады қою тұман
Шыңға үркіп.
Бұның бәрі жылқышыға түк емес,

Толық

Қарап көріңіз