Өлең, жыр, ақындар

Өткелдер

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1012
Қарт тоғай, Сарытоғай, күңіренген,
Өзен жатыр бауырында жүгіре емген.
Сап түзеп тұрған сарбаз сияқтанған,
Құдіретіңнің алдында жүгінем мен.
Мін бар ма табиғаттың жұмысына,
Күн кірпігін садақ қып түр ұсына.
Шындардың балақтары тілім-тілім,
Батырдың туратылған қылышына.
Әр ағаш әр дәуірдің өткеліндей,
Жолаушы оның сырын өтпе білмей.
Мынау жатқан шың жартас құмы үгіліп,
Бейне көне шежіре беттеріндей.
Құм жота созылған мол алып қорған,
Ғасырлар куәсі ме қалып қойған.
Айқасып жатқан ағаш өрбір батыр,
Қанды қылыш сонау бір жорықтардан.
Адырлар жатқан мынау тізбек-тізбек,
Көшіндей бабалардың өткен жүздеп.
Сыңсыған Сарытоғай арасынан,
Тамып кеткен көз жасын келем іздеп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жамбыл ата жерінде

  • 0
  • 0

Жеріңе келіп тұрмын, Жамбыл ата,
Кеудемнен кербез көлге ән құлата.
Жасынды бер деп, сірә, тілемеймін,
Ақжолтай батаңды бер, даңғыл ата.

Толық

Мұң

  • 0
  • 0

Келмесем де мұңайғым,
Оралар еске сол шақтар.
Үйрілген күлкі, түн, айдын,
Көзден ұшқан моншақтар.

Толық

Дала ұқсастықтары

  • 0
  • 0

Жеріңменен
Жерім ұқсас жаралған.
Еліңменен
Елім тектес жаралған.

Толық

Қарап көріңіз