Өлең, жыр, ақындар

Сыбдырлайды құрақтар

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1762
Көктем-ару, таң сәріден
жұпар иісін шашқанда,
Көңіл құс боп ұшты алысқа
тереземді ашқанда.
Бұлбұлдар да кетті сайрап,
Төгілдіріп әсем ән,
Ақша бұлттар ақ торғындай үлбірейді аспанда.
Сыбдыр-сыбдыр сыр шертеді
балауса да, құрақ та,
Әндер, әндер, елжіретіп
алып кетті-ау жыраққа.
Көбелек боп қонды көктем,
Гүлдің балғын ерніне,
Сыңғырлаған сылаң қақты
сұлу толқын бұлақта.
Көктем үні айна көлді дірілдетті, тербетті,
Самайынан Алатаудың ағыл-тегіл тер кетті.
Көктем болып келіпті ғой ұлы адамдар өмірге,
Нұрға бөлеп,
Жырға бөлеп,
Мынау байтақ жер-көкті.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Батырлар ауылы

  • 0
  • 0

Мынау тұрған —
Ауылы ма Батырдың,
Асқақ ардың,
Парасаттың, ақылдың.

Толық

Құшағында

  • 0
  • 0

Қызғанбашы менен сол,
Заңғар көкті қыраным.
Мен үшін ол әзірге арман,
Ал сен үшін тұрағың.

Толық

Дұғай сәлем

  • 0
  • 0

Дұғай сәлем, алыс жүрген қызыңнан,
Біле білсең мен де өзіңдей қызу жан.
Салқындығым — асқар құшқан мұзыңнан,
Қызбалығым — шаңқай күннен қызынған.

Толық

Қарап көріңіз