Өлең, жыр, ақындар

Бүркіттім, менің

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 967
1
Көрікті тауым, Бүркіттім,
Көзімнен бұлбұл ұшырған.
Өзіңнен өнген бүршікпін,
Өмірге сый ғып ұсынған.
Көрмеп ем көптен, Бүркіттім,
Тұр ма екенсің өзгермей.
Жанарға тамшы іркіпсің,
Жаманат жаным сезгендей.
Оралдым еңсем езіліп,
Ойларға елтіп басқа бір.
Мәңгіге солай көз іліп,
Баурында жатыр жас қабір...

2
Бүркіттім, сонша сағындым,
Аңсатты ерке самалың.
Нәзік те гүлің үлбіреп,
Нұр құшып тұр ма сағағын.
Кешіре гөр жан, әкем,
Жалғыз ауыз сөзіңді
Ести алмай барамын.
Дегендей біреу "қарағым",
Алаңдап жалт қарадым.
Қалтырайды қолымда,
Шоқ гүлі ғана даланың.
Самал бір ессе сарылып,
Сағынышы ол, балаңның.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалғыз тамшымын

  • 0
  • 0

Қара бұлттан тамған жалғыз тамшымын,
Өлең нем, мен оған бір жалшымын.
Керек жанға самал желдей жұмсақтық,
Керегі жоқ, осып түсер қамшының.

Толық

Түн аунап тізесінде

  • 0
  • 0

Салқын самал.
Тау баурайы соншама көркем еді,
Аңыз дерсің естіген ертедегі.
Түн аунап тізесінде жасыл белдің,

Толық

Бүркітті шыңы

  • 0
  • 0

Қарт Жоңғардың бір шыңы бар — Бүркітті,
Сұсымен ол талайларды үркітті.
Бұлт үйіріліп кетпепті ұдай басынан,
Тас түнеріп жасын жерге бүркіпті.

Толық

Қарап көріңіз