Өлең, жыр, ақындар

Көңілім, неге жасисың?

  • 19.04.2015
  • 1
  • 2
  • 15841
Көңілім, неге жасисың?
Миым, неге ашисың?
Ой түбіне жете алмай,
Жүректі тырнап қасисың.

Көзім, неге таласың?
Үмітсіз қарап барасың.
Түтінің жоқ, отың жоқ,
Тұншығып кеудем жанасың.

Иығым неге басыңқы?
Түсім неге қашыңқы?
Өзімнен-өзім салбырап,
Етек-жеңім шашыңқы.

Жау талаған ойыңды,
Көтермейсің бойыңды.
Тұрмыстың ұзын құрығы
Бұрды ма түсіп мойынды.

Бейхабар жатыр ата-анам,
Көре алмай көзім қала ма?
Барғаның сәлем дегейсің,
Қаралы болған анама.

Он тоғызда жасыма,
Қасірет түсті басыма.
Көре алмай қалсақ арманда,
Уайымдап бізді жасыма.



Пікірлер (2)

Арсен

Торайғыров........
Не ол Қазақтың ең мықты ақындарының бірі.
Мее үшін оның әндері ерекше!

Марат

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Көңілім, неге жасисың? өлеңі қатты ұнады

Пікір қалдырыңыз

Оқу

  • 1
  • 3

Бүгіндегі жастарға оқу міндет,
Тек кана оқуменен өнер білмек,
Өнер-білім, адалдық, ар-намысты
Жоятын надандық қой емсіз індет.

Толық

Туған еліме

  • 1
  • 4

Үміт қып менен қарайсың,
Көңіліңе медеу санайсың.
Балалыққа жарасам,
Аталыққа жарайсың.

Толық

Кеш

  • 0
  • 0

Желі бар бетке тиген жылы еспе,
Күн жылы, аспан жарық оңды кеште.
Қарасаң бұл уақытта кең далаға,
Әртүрлі қиял келіп түсер еске.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар