Өлең, жыр, ақындар

Кеш

  • 19.04.2015
  • 0
  • 0
  • 8490
Желі бар бетке тиген жылы еспе,
Күн жылы, аспан жарық оңды кеште.
Қарасаң бұл уақытта кең далаға,
Әртүрлі қиял келіп түсер еске.

Сайраған көкте торғай есіңді алып,
Күн де жоқ әлдеқашан кеткен батып:
Кек шөпті қызыл, жасыл жапырақ басқан,
Артыңда қызыл шапақ нұры қалып.

Қарасаң бойыңды алып көңіл ашқан,
Бейне бір өзендей-ақ толып тасқан.
Толқып түр кешкі соққан самал желге
Естіліп торғай үні көкте басқан.

Жай тауып құрт-құмырысқа әрбір шөптен,
Талмаулап қызыл шапақ қарап көктен.
Жылтырап сол уақытта жұлдыз шықты,
Аспанға шашу шашып меруерттен.

Бұдан соң қаран қалып көктің жүзі
Жасырынып нәрселердің бірден түрі.

Қойнына қарақғылық енген барып,
Жағалай айналаңның бәрі қауіп.
Қарасаң қараңғы түн жан қорқарлық
Бұл күнде бола алмайтын жолды тауып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Анау-мынау

  • 1
  • 2

Анау қырда татар тұр,
Басқалармен қатар тұр.
Мынау ойда қазақ тұр,
Қастарында азап тұр.

Толық

Кеше түндегі түс, бүгінгі іс

  • 1
  • 0

Жіп-жиі көкте жұлдыз жымдасқандай,
Күлімдеп, айға қарап ымдасқандай.
Қорылдап, бас жақтарын бүркей түсіп,
Жер жүзі жатыр ұйықтап жын басқандай.

Толық

Жүрегім, тулап шабасың

  • 1
  • 0

Жүрегім, тулап шабасың,
Жоқты қайдан табасың,
Уытын жайған сыртына,
Оны қайтіп жабасың?

Толық

Қарап көріңіз