Өлең, жыр, ақындар

Ән

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1782
Поль Робсонға арнаймын

Тозды ғой талай тау менен орман
Тозған жоқ, бірақ адамның әні
Қаға бір түсіп, қанатын жылдам
Келеді самғай жалтылдап әлі.
Ғасырлар талай кейінде қалды,
Қалған жоқ, бірақ адамның әні.
Көтеріп барлық шаттық пен зарды
Келеді зулай жалтылдап әлі.
Басылды талай майданның қаны,
Басылмай келед адамның әні.
Көтеріп барлық кек пенен арды
Келеді күндей жалтылдап әлі.
Болыпты талай қанды көз мерген,
Ән менен жырға өшіккен жаны.
Өлмеген өзі, елімді жеңген
Келеді жасап адамның әні.
Есімде менің: бала едім онда,
Есіткен тұңғыш еркіндік әнін,
Ту болып қолда, жарқылдап жолда
Жөнелген ертіп ерлердің бәрін.
Таныдым сонда, қымбатын оның –
Қып-қызыл өрттей қанатын көрдім.
Құйылды құдірет кеудеме менің,
Ердім де соған үн қоса бердім.
Жалынды қанат халықтың әні,
Әлемге тегіс тыңдатып үнін,
Келеді міне, жарқылдап әлі
Күйдіре түнді, көтеріп күнін.
Шырқай бер, Робсон, шырқай түс тағы
Негрдің әнін - адамның әнін.
Бұл әнмен сенін сынбайды сағың,
Осы әнде сенің бар болашағың.

1949



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ тілек

  • 0
  • 0

Мен бүгін аппақ шашы бар
Әбділда деген атамын.
Күн сайын, саған, Отаным
Ақ тілеу тілеп жатамын.

Толық

Қазақстан

  • 0
  • 0

Қазақстан өлкесінің кеңдігін
Өлшеп жатпай өзгелерше мен бүгін,
Оңай ғана ұғындырып байқайын,
Болмашы бір белгілерін айтайын.

Толық

Париж

  • 0
  • 0

Соқ, қаттырақ барабанды,
Соқ, қаттырақ қыздыр қанды!
Әне, ашудан от тұтанды,
Намыс пен кек маздап жанды.

Толық

Қарап көріңіз