Өлең, жыр, ақындар

Айтыңдаршы, арманым не

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2893
Жеңіс күні

− Ей, жолдастар,
Замандастар!
Ата-аналар,
Балғын жастар!
Тыңда мені, тыңда мені!
Құттықтаймын сүйіп сені!
Біріңді де, бәріңді де,
Жасыңды да, кәріңді де,
Ұлы Отанды кім күшейтсе,
Жеңу үшін қанын төксе,
Ұлы Отанды кім күшейтсе,
Жеңу үшін еңбек етсе,
Жау тынысы тынған күні,
Жерге басын ұрған күні
Құттықтаймын жанымменен,
Оттан ыстық қанымменен!
Қанды тозаң шөгіп төмен,
Күлімдеп күн тас төбеден.
Зеңбіректер алды тыным,
Бәсеңдетті қаһарлы үнін.
Өйткені, жау түсті күйреп,
Жеңді снаряд балшықша илеп.
Сескенбеген оқ пен оттан
Батыр солдат шықты окоптан,
Басып берік жаудың жерін,
Жазды бойын, алды демін.
Өйткені жау түсті күйреп,
Жеңді солдат балшықша илеп!
Бейне солдат шешпей белін,
Бастап келген жеңіске елін –
Бас қолбасшы - тірі Ленин –
Орындаған өз дегенін
Ұлы көсем алды демін.
Өйткені жау түсті күйреп.
Жеңді Ресей балшықша илеп.
Ей, жолдастар,
Замандастар!
Ата-аналар,
Балғын жастар!
Жаршың болып саламын жар.
Шаттаныңдар, мақтаныңдар!
Той жасаңдар, дулатыңдар,
Жердің бетін шулатыңдар!
Керек болса тойға ақсарбас
Қазақ па екен құрбан шалмас!
Бөгелмеңдер, тоқталмаңдар!
Құрбандыққа мені алып шал!
Жарай алсам ол кәдеңе,
Айтыңдаршы, арманым не?!

1945



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әзіл-сықақ

  • 0
  • 0

Көзінен күлкі өшпейтін,
Өнер мен ойы өспейтін –
Осы бір ағаң – ағаң - ақ
Сенен артқан досы жоқ,

Толық

Бар екем

  • 0
  • 0

Апырым-ау, жоқ па, бармын ба,
Соға ма, жоқ па жүрегім?
Жоқ әлде тас боп қалдым ба,
Осы мен, достар, кім едім?

Толық

Құрбанның қабыры

  • 0
  • 0

Тау етегін бөктерлеп,
Кейде өрге қарсы өрлеп,
Кейде сайын қуалап,
Бір топ атты келеміз.

Толық

Қарап көріңіз