Өлең, жыр, ақындар

Әзіл-сықақ

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3157
Қағанақ

Көзінен күлкі өшпейтін,
Өнер мен ойы өспейтін –
Осы бір ағаң – ағаң - ақ
Сенен артқан досы жоқ,
Кебісін қойсаң ағалап.
Сенен артқан қасы жоқ,
Мінін айтсаң шамалап.
Мақтай берсең панаң - ақ,
Мақтамасаң қағанақ.

Кешіріңіз

Мейманхана, сәнді бөлме, жап-жарық,
Люстралар сыңғырлайды шайқалып.
Отыр сонда бала кезгі танысым.
Жұтса керек бірсыпыра дама үшін.
Кең столда мөлдіреген жүзім мен
Көп жұлдызды коньяктар тұр тізілген.
Қуыршақтай, ала моншақ тағынған
Бір күлегеш отыр опа жағынған.
− Кешіріңіз, келіп едім жұмыспен...
− Отыр, жерлес, алып жібер жемістен, -
Деп танысым жұмсақ орын ұсынды,
Қолқалады қуыршақпен ішуді.
Сөз басталды:
− Ақын жолдас, қалайсың?
Көріп жүрсің байқауымша талай сын.
Қаршадайдан әуес едің өлеңге,
Тыңдамаушы ең таста соны дегенге.
Таста әлі де, қызметке өзім аламын
Бір қожасы боласың зор қаланың.
Мөр, бұйрықтар сақталады хатшыңда,
Зырғиды ЗИЛ шаң жұқпайтын астыңда.
Ақшаң да мол, досың да мол сыйлайтын,
Жұмысың жоқ жан ауыртып қинайтын.
Күндіз құрмет, түнде шарап ішесің,
Аз дегенде исполкомға мүшесің...
Таста өлеңді, керегі не шатылып,
Сау басыңды сыншылармен қатырып, -
Деді маған жаны ашыған танысым,
Ұмыттырмай тартуымды дама үшін,
Құйды тағы, қинап мені «іш!» - деді,
Ашудан ба аузыма сөз түспеді.
Кеттім тұрып, өзге ақылын тоспадым,
Осыларды сүйейтін кім, достарым?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақыл

  • 0
  • 0

Жақсының атын біліңіз,
Жақындап бірақ бармаңыз.
Қашықтау одан жүріңіз,
Қызықтырғанға нанбаңыз.

Толық

Арыс құмы

  • 0
  • 0

Бурыл құм бұйраланған Арыс құмы,
Сандықтай текшеленген қызыл шыңы,
Арда өскен ойнақ, салып аңдары бар,
Күңіренткен құм арасын ыңы - жыңы.

Толық

Көктем

  • 1
  • 2

Көтеріп күннің от лебін,
Көгімнен түсті көктемім.
Жылыта келді елімді,
Жібіте таудың бөктерін.

Толық

Қарап көріңіз