Өлең, жыр, ақындар

Ормандағы бала

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2580
(Баллада)

Уыздай бала,
Еңкейіп қана
Теріп жейді жерден дән.
Айнала орман,
Жоқ жалғыз жан,
Бұл қай бала қаңғырған?
Бұлбұлдың жырын,
Орманның мұңын
Түсініп бала тыңдайды.
Құлағы әнде,
Көзі төменде,
Тереді бөбек тынбайды.
Кейде алыстан,
Кейде жақыннан
Жарылса бомба күркіреп,
Селк етіп бала,
Көзінен ғана
Жас тамады сіркіреп.
Батқанда күн,
Басқанда түн
Бүрісіп бөбек жатады.
Тандырып есін:
Әке, шешесін
Түсінде жау атады.
Шошынып тұрып,
Зыр жүгіріп
Орнынан тұра қашады.
Сүрініп құлап,
Жатқанда жылап
Тағы да ұйқы басады.
Шешесі күлімдеп:
«Келші, күнім...» деп,
Шақырады түсінде,
Ашады көзін,
Көреді өзін
Баяғы орман ішінде.

1938



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төрт жолдар

  • 0
  • 1

Қаншама биік ұшқанмен
Қонбассың қалай ұяңа?
Қаншама құшақ ашқанмен,
Дүние түгел сия ма?

Толық

Мұқтар Жанғалиннің өліміне

  • 0
  • 0

Біз текке тумадық құрдас боп ғасырға,
Өжет боп өстік біз, айналмай масылға.
Уақыттың артқанын аянбай көтердік,
Зәрредей іркілмей ілгері басуға.

Толық

Почтальон жыры

  • 0
  • 0

Ұясынан шықты күн,
Мен де шықтым үйімнен.
Күн батқанша түспейді,
Сұр қапшығым иіннен.

Толық

Қарап көріңіз