Өлең, жыр, ақындар

Меруерт моншақ тіземіз

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2341
Айна көл көктей мөп-мөлдір,
Айнала бұйра қарағай,
Аспан көлге төніп тұр,
Төңкерілген шарадай.
Қанатымен су сабап,
Көл бетінде қоңыр қаз,
Бір-біріне етсе наз,
Естіледі даусы саз.
Қасымда сүйген сұлуым,
Мен де көлге келемін.
Сұлудың бірге жүруін
Шын бақыт деп білемін.
Үркітпейміз көл құсын,
Жырлай берсін жырларын.
Ұшпасын құс біз үшін,
Айта берсін сырларын.
Сұлуым менің аққуым,
Көлге біз де жүземіз,
Суға түскен сәуледен
Меруерт, моншақ тіземіз.
Көл қойнына кірдік біз,
Кеттік жүзіп екі жас.
Ақ кайықпен жүрдік біз,
Аққулармен аралас.
Аспан ашты пердесін,
Көлге түсті мың сәуле;
Көл бетінен жұлдыздан
Көзге түсті бір сәуле.
Бар жұлдыздың жарығы
Сәулем екен өзімнің.
Бар сәуленің анығы
Жанары екен көзінің.
Сұлуым менің - аққуым,
Көлге біз де жүземіз.
Судай таза бақыттан
Меруерт, маржан тіземіз.

1935



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Стамбулдан өткенде

  • 0
  • 1

− Стамбулда Ая сопы:
Иман жатта, құран оқы,
Құлшылық ет бір аллаға,
Шек келтірме пайғамбарға.

Толық

Бір ақынға

  • 0
  • 0

Қағаз көп, сатылатын қалам да көп,
Құптайтын ақын бол деп адам да көп.
Мақтайтын мәз болғанша адал да көп
Даттайтын мәз болғанша арам да көп.

Толық

Қызығам ба, қызғанам ба...

  • 0
  • 0

Қызығам ба, қызғанам ба білмеймін,
Суретшіні кейде ішімнен күндеймін.
Мен жатқанда көлегейлі күңгіртте,
Ол жүріпті бөктерінде күнгейдің

Толық

Қарап көріңіз