Өлең, жыр, ақындар

Пионер күзетте

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1609
Толқиды егін,
Шалқиды егін,
Көк жиекте –
Жиекте.
Аспан көгі
Тұр күзетте,
Пионермен
Бір отрядта,
Бір күзетте –
Күзетте.
Ұры-қары
Ары жоқтар
Еңбек етпей
Нан жемекші
Жаладан,
Көріп соны –
Жегілерді
«Аттан!» салып,
Сүре қудық
Еккен егіс –
Даладан.
Біз күзетте,
Ұры бетте
Тұрмыз тынбай,
Алдаушыға
Алданбай.
Бір бүйірде
Пысқырады:
Біз қамаған
Қамаудағы
Қамалған бай,
Қорқау бай.
Алданбаймыз,
Арбалмаймыз,
Түн бойында
Күзеттеміз,
Кірпік қақпай,
Бір қақпай.
Құлақ түріп,
Дыбыс біліп
Аңдудамыз,
Егістеміз,
Дамыл таппай,
Бір жатпай.
Әне қара!
Түнге орана,
Қараң етті,
Арғы жақта,
Бір адам.
Тартпақ шығар
Суық қолмен
Колхозымның
Қырманынан.
Дайын наннан –
Тегін нан.
Ұмтылса да,
Ұмсынса да,
Бір бас бидай
Бір түйір нан
Бермейміз.
Жоғалтуды:
Түйір дәнді,
Колхоз нанын
Алдыруды –
Шалдыруды
Білмейміз.
Кулак қудың
Қылжаңдауы,
Қорқытуы,
Үркітуі
Қалған енді,
Адыра!
Бетті ауылға
Тура бұра,
Ән шырқата,
Дабыл ұра,
Ағыл отряд,
Ағыла!
Толқиды егін,
ІІІалқиды егін
Көк жиекте –
Жиекте
Аспан көгі
Тұр күзетте,
Пионермен
Бір отрядта
Бір күзетте –
Күзетте!

1933



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Асқар ақынға

  • 0
  • 0

Қызық қой, Асеке, бұл өмір білгенге,
Ләззәтін білмейсіз ішінде жүргенде.
Ұмытып кетеміз бейнетті күндерін
Көңіліміз жарқырап бір мезгіл күлгенде.

Толық

Адам

  • 0
  • 0

Өтіп жатыр күндер жосып бөгелмей,
Уақыт шіркін ағытылған көгендей.
Тозса да адам тұрып бағар жығылмай,
Қирағанша қасарысқан емендей.

Толық

Тағы да өзім туралы

  • 0
  • 0

Таң сәріден, түннен кейін, -
Күннен бұрын ояндым.
Жастығымда жатыр басым жып-жылы
Көжегіндей қоянның.

Толық

Қарап көріңіз