Өлең, жыр, ақындар

Тағы да өзім туралы

  • 21.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1627
Таң сәріден, түннен кейін, -
Күннен бұрын ояндым.
Жастығымда жатыр басым жып-жылы
Көжегіндей қоянның.
Шүкір, құдай, бар екенмін бүгін де,
Сексеуілге айналмапты қолдарым.
Біреуі ұзын, бірі қысқа аяғым,
Сөйлеп жатыр әлі жүрер жол барын.
Тозған көрік кеудемдегі кезінде
Дем беріп тұр тірлігіме тынбастан.
Күнгірт тартқан хрустальдар көзіме
Таң сәулесін қабылдайды сынбастан.
Шүкір, құдай, бар екенмін бүгін де,
Көк теңізден күн шықса деп тілеймін,
Кешке дейін қанша өмір бар алдымда,
Оған дейін керегі не жүдеудің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір білгір туралы

  • 0
  • 0

«Білемін өзім, өзім де!- »
Дейтұғын әркім кезінде.
Жұмысы жатса тоңазып,
Лапылдар жалын сөзінде.

Толық

Елден сәлем

  • 0
  • 0

Өткен күнде көрген азап,
Көрінгенге болған мазақ,
Октябрьде алған азат
Еркін халық, болған қазақ.

Толық

Махаббат

  • 0
  • 0

Сыңсытып әнін салатын шеше,
Елігіп жаны тыңдайтын бала.
Жалынып қайта айтқызған кеше
Отырған кезде оңаша ғана.

Толық

Қарап көріңіз