Өлең, жыр, ақындар

Күш

  • 22.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1122
Не деген сұмдық сұрапыл күші ғаламның,
Жігерге біздің толтырған мына даланы.
Көріңдер, әне аждаһа дауыл ышқынған,
Дөңбектей тасты қаңбақтай қуып барады.
Әлемде бар ғой неше алуан құдірет ғажабы,
Қаласың аң-таң, қарайсың мейірің қанады.
Көрдің бе, әне, айдаһар құйын үйірілген,
Үйдей еменді суырып алып барады.
Көрдің бе, әне, тағы бір құйын төменге,
Қап-қара дәудей түнеріп келіп қарады.
Жұлып алды да теңізден таудай кемені,
Түбіттей оңай ұшырып кетіп барады.
О, қайдасыңдар құйыным, менің бораным,
Кеткендерің бе қайта бір соқпай оралып?
Қалғаным ба шал болып, мүлде омалып,
Ішім де түгел, сыртым да түгел тоналып!
***
Осы екі көзге қарасам, досым, үңіліп,
Шалқып бір көңілім, кетеді жаным жылынып,
Екі күн жатыр осы екі көзде, тереңде,
Құлшылық етем сол екі күнге жүгініп.
Екі күн жатыр осы екі көзде, тереңде
Жаһанда мұндай күндер жоқ бұдан көлемді.
Арнауым керек осы екі көзге өмірімді,
Арнауым керек осыған барлық өлеңді.
***
Күлімдеп, жаным, нұр сепші жарық көзіңнен,
Оңаша ғана отырып кетші өзіммен.
Көңілімді мына келімсектер кеп бөлмесін
Жанымды біраз жарықшақтардан емдеші.
Көңілімді мына келімсектер кеп бөлмесін,
Қуанышыма көлеңке түсіре бермесін.
Жанымды, қалқам, жарықшақтардан емдеші,
Жап-жаңа жанған жақсы үміттерім сөнбесін.
***
Үнім жетпес жерде жүрмін,
Сонда да сен күнде есітесің үнімді.
Көрінбестей жерде жүрмін
Сонда да, сен ұмытпайсың түрімді.
Жүруші едім ұйықтай алмай,
Сағынғаннан түнге қосып күнімді.
Шын тыныштық тапқан жандай
Бүгін ғана көзім титтей ілінді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Соғамын барабанымды

  • 0
  • 0

Соғамын тынбай, соғамын,
Соғамын барабанымды,
Еріксіз ертіп қыздырдым
Жасыңа қоса кәріңді.

Толық

Париж

  • 0
  • 0

Соқ, қаттырақ барабанды,
Соқ, қаттырақ қыздыр қанды!
Әне, ашудан от тұтанды,
Намыс пен кек маздап жанды.

Толық

Рено

  • 0
  • 0

Біздің ғасыр цивилизация ғасыры,
Енді міні атом дәуірі ашылды.
Россияда ұмытуға айналдық
Ат күшімен күн көретін тәсілді.

Толық

Қарап көріңіз