Өлең, жыр, ақындар

Қарақия

  • 09.03.2019
  • 0
  • 0
  • 993
Бұдан миллион жылдар бұрын Маңғыстау өңірі Тетис атты алып мұхиттың түбі болған деседі. Қарақия — теңіз деңгейінен 130 метр төмен жатқан терең қазан шұңқыр

Қымызынан босаған,
Күбі десең өзің біл.
Уақыт жалмап, асаған,
Бір кезгі алып Тетистің,
Түбі десең өзің біл,
Әйтеуір бұл бір қылын,
Шертіп қалар сезімнің,
Бұйырған дәмдей азанда,
Алтын, Жауһар, сазан да...
Барлық асыл құйылған,
Қарақия — Қазанға,
Болса зейін түсінбек.
Зердесінде жас адам,
Бұл түбекті мүсіндеп,
Тетис өзі қашаған...
Ойлағанды кім бұлай,
Сәттерінде нұр жауар,
Өзен түгіл, көл түгіл,
Мұхитқа да сұмдық-ай,
Туады деп бір зауал.
Еткен соң ба жер тарлық,
Сөйтіп семіп шалқарлық.
Мұхит суын — мол мұнай,
Балықтарын Арқар ғып,
Жіберіпті дейді аңыз,
(Сенбе мейлі сеніңіз,
Еркіңізде бұйдаңыз,
Естіледі әйтеуір
«Дүние жалған» күй нағыз.)
Үнсіз қалдық беу, неге,
Өткен шақты ойлап бір.
Тым асқанды тәубеге,
Келтіретін оймақ бұл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гүлдердің нәзік болып өсетіні

  • 0
  • 0

Гүлдердің нәзік болып өсетіні,
Мәпелеп аймалағандықтан.
Қылыштың қара тасты қақ жарып кесетіні,
Қайрағандықтан.

Толық

Армансың сен, Армансың

  • 0
  • 0

Қалған шақта кездесе,
Ұшқын атар көзіңде.
Ал мен болсам өзгеше,
Бөленемін сезімге.

Толық

Өмір сәні

  • 0
  • 0

Жаратылған толқындардан, ағыстан,
Қызғаныштан аласұрған, қағысқан.
Өмір-сарай сәулетіне сән берер,
Жүректер мен жүректер ғой табысқан.

Толық

Қарап көріңіз