Өлең, жыр, ақындар

Қымыз

  • 05.11.2018
  • 0
  • 0
  • 1682
Құя түсші, жеңеше, қымызыңды,
Басылсын шөлдегенім күнұзынғы.
Серілер әлде менен іркілді ме,
Қалайша домбыраның үні үзілді.
Сабаңды пісе түсші күрпілдетіп,
Тұлпардың тұяғыңдай дүрсілдетіп.
Көңілің Көлмекөлдің айдыныңдай,
Ақының ортаңызда жүрсін кешіп.
Қымызды ұсына бер сапыр дағы,
Өлеңін баптай түссін ақын жағы.
Қатарсаз самалыңдай желпінейін,
Қостағанда құрбылар қасымдағы.
Он саусақ төгілдірсін сезім күйін,
Сезімсіз сұлулықты сезу қиын,
Отырмыз әнге кенеп Қатарсазды,
Кететін толқып-толқып көңіл құйын.
Майыссын қымыз құйып бал бармағың,
Келді бастап осы үйге әлде арманым.
Қымыз да бір жастықтың қызбалығы–ау,
Қашан тарқап кетерін аңғармадым.
Жеңеше, құя түсші, қымызыңды,
Басылсын шөлдегенім күнұзынғы.
Серілер әлде менен іркілді ме,
Қалайша домбыраның үні үзілді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жартас

  • 0
  • 0

Қара жартас, мелшиіп тіл қатпайсың,
Толқындарды кеудеңде тулатпайсың,
Сен неге кілт өзгердің, біле алмадым,
Тек қана үнсіздікті құндақтайсың.

Толық

Көңіл күйі

  • 0
  • 0

Қуанатын шақтар бар,
Мұңаятын шақтар бар.
Қуаныштан кеудеме —
Құлап жатыр

Толық

Сыбдырлайды құрақтар

  • 0
  • 0

Көктем-ару, таң сәріден
жұпар иісін шашқанда,
Көңіл құс боп ұшты алысқа
тереземді ашқанда.

Толық

Қарап көріңіз