Өлең, жыр, ақындар

Қытайларға қуыршақ болып жүрген қазақ қыздарына...

О! қыздары қаракөз қазағымның,
Боп тұрсың ғой арқауы жазарымның.
Барады ғой шеңбері етек жайып,
Көңіл жазар түнгі *Тəн*базарыңның.

Қаның қазақ екенін ұмыттың ба?
Қазағыңнан көңіліңді суыттың ба?
Қытайлардың қойнынан жылу іздеп,
Балта шаптың төсіне ұлттың да.

Сұлу көркің қазаққа жарасатын,
Қазақ пенен тек қазақ жанасатын.
Қытайлардың етегін ұстайтындай,
Қашан өлді қазақи парасатың.

Болып тұрып айбарлы адал қазақ,
Болғаның не құда-ай елге мазақ.
Бақа-шаян жеп өскен арамзадан,
Қазы-қарта жеп өскен кем бе? қазақ.

Қазақ жігіт қытайдан нашармеді,
Жоқ əлі де жоласаң қашармеді.
Ойлап көрші түнімен шаққан бүрге,
Құмарыңды қазақтай басармеді?

Аш көзіңді, қазақтың бұзба қанын!,
Өз қолмен өзіңді тұздамағын.
Қайсар қазақ тұрғанда қабырғалы,
Қиқым қытай мықты деп ойламағын.

Қытай сені сүймейді сорлатады,
Ақ таң емес,алдыңнан күн батады.
Қуыршақ қып, ойыннан зеріккен соң,
Керек емес заттай қып күлге атады.

Қазақ бар да қытайға қызықпағын,
Өмірі жоқ қытайға қызыққанның.
Заты сынды өзінің сапасы жоқ,
Жөндеп болмас еш қашан бұзылғанын.

Айтшы қашан өзіңді қолға аласың?
Осал ойың қытайды ойламасын.
Таза қазақ ұрпағы толтырсыншы,
Қазағымның қайырлы кең даласын.

*КЕЙДЕ АДАМ ОСЫЛАЙ...*

Қалайсың ба? жоқ əлде қаламайсың,
Кейде ақылды, кейде жас баладайсың.
Іс біткен соң, қол ұшын созғандарға,
Танымастай таңырқап қарамайсың.

Өз басыңа іс түссе алаңдайсың,
Жағымпаздық жолымен жалаңдайсың.
Өз нəубетің келгенде көмек бермей,
Қу түлкідей құбылып бұлаңдайсың.

Сен қандайсың? бəріде сен сияқты,
Кейде көңлің дария көл сияқты.
Кейде айтқан сөздерің тұрағы жоқ,
Ұшып жүрген шаң-тозаң жел сияқты.

Бір нəрсені бірақта ұмытпағын,
Уəдеңді орындап ұлықтағын.
Біле тұра білместей жүрер болсаң,
Білгін соны құдайды ұмытқаның.

Адам бауыр қашанда бір-біріне,
Сөздің түсін дұрыстап төркініне.
Бір-ақ атым насыбай қырмандай боп,
Ренжісіп жүрмегін ертеңіне.

Сөз бердің бе орында айтқаныңды,
Алла сүймес сөзіңнен қайтқаныңды.
Ащы жесең есіңе ала білгін,
Бір кездері тəтті дəм татқаныңды.

Мен жазбаймын өтірік ойдан тоқып,
Нем бар босқа біреудің көңілін шоқып.
Əркім өзі біледі өз айыбын,
Сөздеріме мəн берсе терең оқып.



Пікірлер (3)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - дегенді белгілеуді де ұмытпаңыздар.

Мира

Иә,мүмкін осындай шығар,бірақ мен бүгін 57жастағы әйел төсек тартып жатып қалдым .оның себебі не дейсіздерғой ?Себебі кеше автомобильдың колесосы бұзылып,арен дегенде вулканизасияға дейин жетым.төрт бес автомашина тур екен,олардың бәри қістық доңгөлекке аустуруға тур.енді, жағдайды айтпасам да бәрі көріп тур . әр бір машина 4дөңгелектен аустырса, узақ уақыт күте кажет.Сол сіз айтып ,тұрған, темірдей мығты жигитер,бір аелге 5,минутқа жетпейтин дөңгёлекти жасатуға кезек бермегені нені айтады?ойланыңізші?мен ештеңе болған жоқпын,2саат кезек күттім,5 минута жасап берді.????????

Нурбек

Бес саусақ бірдей емес, ол жігіттерден жымиып қана өтінсеңіз, мүмкін кезекті күттірместен жіберер еді. Сәл болмашыға ренжіп жатамыз, негізінде қазақ атаулы жігітінде болсын, қызында болсын, қанында адами парасаттылығы, имандылығы, инабаттылығы бойында қалыптасқан. Ол мүмкін қаны басқа ұлтпен бұзылған пенде болмаса, таза қазақ - адал қазақ, өз отанына пана азамат!

Пікір қалдырыңыз

Жүректері жаралы

  • 0
  • 1

Тыныштық-бейбіт заманда,
Тақырып болып ғаламға.
Арыстың асыл жандары,
Бір күнде түсті сарсаңға.

Толық

НЕ ЖАМАН?

  • 0
  • 1

Не жаман деп сұрасаң,
Айтайын саған жаманды.
Сөзімнің байқап астарын,
Ақылға толтыр санаңды.

Толық

Аман болшы, Арысым

  • 0
  • 0

Қай ақынның тыңдасаң жыр ғаламын,
Есітесін Арысын жырлағанын.
Шәмші әнінде қуаныш сезім болса,
Бүгінгі күн сүйретті мұң қаламын.

Толық

Қарап көріңіз