Өлең, жыр, ақындар

Жүректері жаралы

Тыныштық-бейбіт заманда,
Тақырып болып ғаламға.
Арыстың асыл жандары,
Бір күнде түсті сарсаңға.
Тып-тыныш жатқан халықтың,
Басына түсті алып мұң.
Шабағындай шашылды-ау,
Теңіздегі балықтың.
Оқ жауып ақ жаңбырдай,
Сау адамды сал қылды-ай.
Шырқын бұзып әр үйдің,
Баспанаға зар қылды-ай..,
Тентіреп қашқан халықтың,
Жүрегін дүрсіл жарып шын.
Қуаныштан қаза қып,
Орнатты ғой қайғы-мұң.
Өртеніп үй мен төсегі,
Жоқ болып жайы кешегі.
Арнасынан Арыстың,
Қайғының желі еседі.
Жылан бұзған ұясын,
Құстай боп ұшты қазағым.
Жоғалтып бала-шағаны,
Әр жаққа тастап қадамын.
Шырылдап құстай аналар,
Жоғалып жолда балалар.
Кеп қалғандай болды ғой,
Әзрейіл жан алар.
Осындай бейбіт заманда,
Үрей орнап санаңда.
Күлкі болып қалдық-ау,
Бүкіл мынау ғаламға.
Төрт күн түнеп паналап,
Арысқа қайтты-ау жағалап.
Опырылған үйлерден,
Тұрғандай оқтар сығалап.
Жанса да шатыр есігі,
Өз үйі алтын бесігі.
Амалсыз қайтқан бауырлар,
Тиіп кетті-ау сіздерге,
Кейбіреулердің кесірі.
Арыстық асыл қазағым,
Бармеді мұндай азабың.
Зарлаумен қайтып барасың,
Болмастан басқа амалың.
Жаратқан жар боп бәріңе,
Тыныштық берсін төріңе.
Қуаныш-шаттық береке,
Орнасын қайта үйіңе.
Арысқа қарай амалсыз,
Құстарым қайтып барады.
Ұшқанмен туған еліне,
Жүректері жаралы.



Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек .

Егер авторы өзіңіз болсаңыз автор деген жері бос қалу керек, - авторы өзім - деген белгі бар, соны басу керек басылу керек. Жазудың үстіне.

Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз

Өмір шолақ

  • 1
  • 0

Қарап тұрсаң бұл өмір аяғына,
Шолақтығы байқалған баяғыда.
Жас та кетіп барады қария да,
Ажалдың тасы тисе тұяғына.

Толық

АЛЫС ЕТШІ АПАТТАН...

  • 1
  • 9

О! Аллаһым сақта елді апаттан,
Сүріндірмей өткіз бәрін сынақтан.
Жұмағыңнан жай бере гөр кешегі,
Шахид болып кеткендерге ұшақтан.

Толық

Қытайларға қуыршақ болып жүрген қазақ қыздарына...

  • 1
  • 3

О! қыздары қаракөз қазағымның,
Боп тұрсың ғой арқауы жазарымның.
Барады ғой шеңбері етек жайып,
Көңіл жазар түнгі *Тəн*базарыңның.

Толық

Қарап көріңіз